04 Наурыз, 2016

Қазалыда мектеп жанынан жылыжай ашылды

512 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
???????????????????????????????????? ҚЫЗЫЛОРДА. 4 наурыз. Қызылорда облысы, Қазалы ауданындағы №170 орта мектеп жанынан жылыжай ашылып, жұмысын бастады. Жалпы ауданы 200 шаршы метрді құрайтын кешен 1,7 миллион теңге қаржыға салынған. Мектеп оқушылары жылыжайда гүлдің түр-түрін өсіруде. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Негізгі мақсат оқушыларды еңбекке тәрбиелеп қана қоймай, кәсіби бағдар бере отырып, белгілі бір мамандыққа баулу. Сондай-ақ, балалар мұнда гүл өсірудің әдістерін үйреніп, еңбек етуге үйренеді. Мұғалімдер де оқушылармен тығыз байланыста сабақты практикамен ұштастырып өткізуге мүмкіндік туып отыр. Алдағы уақытта ауданда дәл осындай мектеп жанынан 4 жылыжай ашылатын болады. Жалпы, бұл мектепте 661 оқушы білім алуда. Биыл 27 оқушы мектеп бітереді. Аймақ басшысы сынақтан сүрінбей өту үшін дайындықты күшейте түсу қажеттігін айтты. Ержан Байтілес. Дерек, сурет: egemen.kz ????????????????????????????????????