04 Наурыз, 2016

Көкшетауда «Ғалымдар үйі» пайдалануға берілді

250 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
04-03-2016-galymdar uiАҚМОЛА. 4 наурыз. Көкшетау қаласында Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің профессор-оқытушы құрамына арналған 26 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға берілді. Салтанатты шараға Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин қатысып, қуаныш иелерін құттықтады. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлайды. Еліміздің өзге өңірлерінен қызметке алынған ғылыми атағы мен үлкен кәсіби тәжірибесі бар профессорлар мен оқытушыларды тұрғын жаймен қамтамасыз ету үшін облыс әкімінің қолдауымен Сәтбаев көшесіндегі әкімшілік ғимаратының құрылсын қайта жүргізген болатын. Жұмыс бес айда аяқталып, жайлы қонысқа айналды. Көпқабатты тұрғын үйдің пайдалануға берілуі оқу орнының ғылыми әлеуетін жақсартып, мамандар даярлаудың сапасын арттыратыны анық. «Ғалымдар үйі» құрылысының жобалау-сметалық құжаттары мен күрделі жөндеу жұмыстары университет қаржысымен атқарылды. Жаңа ғимарат инженерлік коммуникациямен және ас бөлмесі жиҺаздарымен толық қамтылған. «Қазіргі күні қалада 45 пәтерлік бес үй дайындалуда. Мұнда бюджеттік саланың қызметкерлері, сондай-ақ, мұғалімдер, дәрігерлер, жас мамандар міндетті түрде қоныстанатын болады. Бұған қоса, жыл сайын мұқтаж балалар мен балалар үйлерінің түлектеріне 45-50 пәтер бөлу жөнінде шешім қабылданды. Соңғы 6-7 жылда бұл топтың өкілдеріне небары 170 пәтер берілді. Ал, кезекте 1700 адам тұр. Сондықтан, бұл өзекті мәселені шешу үнемі назарда ұсталатын болады. Бұл орайда, Көкшетау мемлекеттік университетінің биілікпен өзара әріптестік қадамдары ризашылыққа бөлейді. Мұндай бастамалар жан-жақты қолдау табуы тиіс», – деді өңір басшысы өз сөзінде. Бақберген Амалбек. Дерек, сурет: egemen.kz. 04-03-2016-galymdar ui1