Депутат дабылы
Осы жылдың қараша айында «Нұр Отан» ХДП Маңғыстау облыстық филиалында қоғамдық қабылдау өткізу кезінде маған келген Ақтау қаласының тұрғыны М.К.Маханованың арызы төмендегі жәйтке назар аудартуға негіз болып отыр. 2009 жылдың наурыз айында М.К.Маханова өзіне және отбасының тағы екі мүшесіне (әкесіне және апасына) «Kaspi Вank» акционерлік қоғамының Ақтау филиалының қызметкерлері тарапынан өздерінің сыртынан жалпы сомасы 3 млн. теңге көлемінде несие алу жөніндегі заңсыз шарт жасалғанын анықтайды. Бұл факт жөнінде М.К.Маханова тиісті органдарға арызданып, оның арызы бойынша Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі департаменті (қаржы полициясы) тергеу жүргізіп, оның барысында банк қызметкерлері тарапынан осындай алаяқтық жолмен 40-қа жуық адам үстінен жалған несиелік шарт жасалып, қаржы алынғанын анықтайды. Жасалған қолжазба сараптамасы (почерковедческая экспертиза) нәтижесінде М.К.Маханова мен оның отбасы мүшелері атынан құжаттарда қойылған қол олардың қолы еместігі де белгілі болады. Алаяқтықпен олардың үстінен несие алған «Kaspi Вank» АҚ АФ «Хард Коллекшен» бөлімінің бас маманы Н.О.Абдоллаеваның үстінен 25.05.2009 ж. және 10.06.2009 ж. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 177-бабы 3-бөлігінің б) тармақшасы бойынша қылмыстық іс қозғалған. 29.07.2009 ж. Н.О.Абдоллаева Қылмыстық кодекстің аталған бабы бойынша «Ірі мөлшерде жасаған алаяқтығы» үшін айыпталған және Ақтау қалалық соты судьясының санкциясы бойынша «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасы алынған. Алайда, белгісіз себептермен Н.О.Абдоллаеваның қашып кетуіне байланысты бүгінгі таңда оған іздеу салынып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 50-бабы 1-бөлімінің 2-тармағы бойынша қылмыстық іс жүргізу тоқтатылған. Ал, алаяқтықтан зардап шеккен М.К.Маханованың және оның отбасының мүшелеріне несие алу үшін жасалған заңсыз шарттардың күші әлі күнге дейін жойылмаған. Шарт бойынша көрсетілген несие сомасына айыппұл есептелуде көрінеді және банк қызметкерлері ай сайын несиені төлеу жөніндегі ескертпелер мен хаттарын зардап шеккен азаматтарға жолдауын доғарар емес. Арызданушы өздерінің моральдық, материалдық зардап шегіп, күндіз күлкі, түнде ұйқысынан айырылғанын айтып, осы заңсыз несиелерді өздерінің мойнынан алып тастауды сұрайды. Еліміздің Бас прокуратурасы осындай зардап шегушілердің санының көп болуына байланысты Қазақстан Республикасы заңнамасы аясында осы мәселемен айналысатын тиісті мемлекеттік органдардың жұмысына қадағалау жасап, прокурорлық тексеру жүргізіп, әділдіктің орнауына ықпал етсе, нұр үстіне нұр болар еді. Гүлнар СЕЙІТМАҒАНБЕТОВА, Мәжіліс депутаты.Қазақстанның екі өңірінде жол жабылды
Ауа райы • Бүгін, 16:25
Астана даңғылдарының бірі 2 аптаға жартылай жабылды
Елорда • Бүгін, 15:47
Өскеменде бір ай бұрын жоғалып кеткен 19 жастағы қыздың мәйіті табылды
Қоғам • Бүгін, 15:17
Ақтау маңында ірі жол апаты болып, 7 адам ауруханаға жеткізілді
Аймақтар • Бүгін, 14:42
Алаш қозғалысы: 12 том құжаттар мен материалдар жинағы толық жарық көрді
Руханият • Бүгін, 14:03
Шайды қай кезде ішкенде зияны болмайды
Денсаулық • Бүгін, 13:32