08 Наурыз, 2016

«Қайрат» Қазақстан Суперкубогының иегері атанды (фото)

409 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
08-03-2016-Kubok 02АСТАНА. 8 наурыз. Бүгін Астанадағы «Астана Арена» стадионында футболдан Қазақстан Суперкубогы үшін матч өтті. Жергілікті «Астана» мен Алматының «Қайраты» арасындағы кездесу тартысқа толы болды. Нәтижесінде ойын соңындағы пенальти бойынша «Қайрат» 5:4 есебімен жеңіске жетіп, Суперкубокты иемденді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Ойынның алғашқы минуттарынан бастап басымдыққа ие болған «Астана» ойыншылары бірінші таймда бірнеше жойқын шабуыл ұйымдастырды. Өз кезегінде «Қайрат» футболшылары да қарымта шабуылдарға шығып, қарсыластар қақпасын нысанаға алған болатын. Алайда, үзіліске дейін есеп ашылған жоқ. Екінші таймда да командаларда есеп ашатын тамаша мүмкіндіктер болғанымен, гол соғылмады. Одан кейінгі қосымша екі тайм да голсыз өтті. Ал ойын соңындағы пенальтиде «Қайраттың» жолы болып, жеңіске жетті. Осылайша, алматылықтар жаңа бас жатықтырушы Александр Бородюктің жетекшілігімен алғашқы жүлделеріне қол жеткізді. Айта кетейік, өткен жылы да қос команда Қазақстан Суперкубогын сарапқа салған еді. Ол кезде де жеңімпаз пенальти арқылы анықталып, «Астана» жеңіс тойын тойлады. «Астана» (Астана) – «Қайрат» (Алматы) 0:0 (пенальти 4:5) 8 наурыз. Астана. «Астана Арена» стадионы. 14 000 көрермен. Төреші: Равшан Ирматов (Өзбекстан). «Астана»: Ненад Эрич, Абзал Бейсебеков, Евгений Постников (Марк Гурман 90), Марин Аничич, Неманья Максимович, Рохер Каньяс, Патрик Твумаси, Джордже Деспотович (Алексей Щеткин 89), Дмитрий Шомко, Серікжан Мұжықов, Таңат Нөсербаев (Берік Шайықов 107). «Қайрат»: Владимир Плотников, Исаэл Барбоза (Риера Ортега 106), Жерар Гоу, Анатолий Тимощук, Жарко Маркович, Бруно Соарес, Лукаш Тесак, Михаил Бакаев, Аслан Дарабаев (Виталий Ли 65), Бауыржан Исламхан. Ескертулер: Евгений Постников 41, Рохер Каньяс 47, Патрик Твумаси 69 – Жарко Маркович 22, Лукаш Тесак 90, Анатолий Тимощук 103, Жерар Гоу 106.   Тағы бір ескере кететін жайт, осы ойынмен футболдан еліміздің жаңа маусымы басталды. Енді 12-13 наурыз күні Қазақстан премьер-лигасының алғашқы туры өтеді. Ол турда мына командалар кездеседі: 12 наурыз «Астана» (Астана) – «Шахтер» (Қарағанды) «Жетісу» (Талдықорған) – «Атырау» (Атырау) «Тараз» (Тараз) – «Қайрат» (Алматы) 13 наурыз «Ордабасы» (Шымкент) – «Ақтөбе» (Ақтөбе) «Ертіс» (Павлодар) – «Оқжетпес» (Көкшетау) «Тобыл» (Қостанай) – «Ақжайық» (Орал). 08-03-2016-Kubok 03 08-03-2016-Kubok 04 08-03-2016-Kubok 06 08-03-2016-Kubok 07 08-03-2016-Kubok 08 08-03-2016-Kubok 01   Еламан Қоңыр. Дерек: egemen.kz. Сурет: Орынбай Балмұрат.