АСТАНА. 9 наурыз. Кеше, яғни, сейсенбіден сәрсенбіге қараған түнде футболдан УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалы шеңберінде екі қарымта кездесу өтті. Нәтижесінде өз алаңдарында жеңіске жеткен Германияның «Вольфсбургі» мен Испанияның «Реалы» (Мадрид) турнирдің ширек финалына жолдама алды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
«Вольфсбург» (Вольфсбург, Германия) – «Гент» (Гент, Бельгия) 1:0 (3:2)
Гол: Андре Шюррле 74.
Бірінші ойында 3:2 есебімен жеңіске жеткен «Вольфсбург» бұл кездесуде де басымдығын анық байқатты. Толассыз шабуылдаған немістер ойын барысында қарсыластар қақпасына 15 рет соққы жасаса, «Гент» футболшылары 6 мәрте Коэн Кастельстің иелігін нысанаға алып көрді.
Бірінші таймда сауатты қорғанып, лайықты қарсыласа білген бельгиялықтар екінші таймда босаңсып қалды. Соны пайдаланған алаң иелері 74-минутта Андре Шюррленің көмегімен есеп ашып, жеңіс голын соғып кетті.
Осылайша екі матчта да жеңіске жеткен «Вольфсбург» Чемпиондар лигасының ширек финалына алғашқылардың бірі болып жолдама алды.
«Реал» (Мадрид, Испания) – «Рома» (Рим, Италия) 2:0 (2:0)
Голдар: Криштиану Роналду 64, Хамес Родригес 68.
Италия астанасы – Рим қаласында өткен қос команда арасындағы алғашқы кездесуде мадридтіктердің 2:0 есебімен жеңіске жеткені белгілі. Сондықтан бұл ойында «Реалдың» фаворит болғаны сөзсіз. Десек те, Криштиану Роналду бастаған жігіттер бірінші таймда гол соға алмады.
Ал екінші таймда испаниялықтар екі гол соқты. Алдымен, 64-минутта Роналду мергендігімен көзге түссе, 68-минутта Хамес Родригес есепті еселеді.
Нәтижесінде екі ойында да 2:0 есебімен жеңіске жеткен «Реал» жарысты жалғастыру мүмкіндігіне ие болды.
Айта кетейік, бүгін, яғни, 9 наурыздан 10-ына қараған түнде аталған турнир шеңберінде тағы екі қарымта кездесу өтеді. Атап айтқанда, Ресейдің «Зениті» өз алаңында Португалияның «Бенфикасымен» кездессе, Англияның «Челсиі» Францияның ПСЖ-сын қабылдайды. Бұл ойындар Астана уақытымен сағат түнгі 01:45-те басталады.
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: championat.com.
• 09 Наурыз, 2016
Чемпиондар лигасы. «Реал» мен «Вольфсбург» ширек финалға жолдама алды (видео)

Таза пайда 93%-ға өсті: Бектенов «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінің отырысын өткізді
Үкімет • Бүгін, 14:58
Ұлттық рейтингке ілікпеген университеттер қаржыландырудан қағылады
Білім • Бүгін, 14:47
Алматыдағы көтерме базарда бағаны негізсіз көтерген 9 делдал анықталды
Оқиға • Бүгін, 14:13
Қазақстанда 34 градусқа дейін күн ысиды
Ауа райы • Бүгін, 13:51
Атырауда көпірден секірген жасөспірім құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 13:40
Үкіметте өндірісті локализациялау бойынша жаңа келісімдерге қол қойылды
Үкімет • Бүгін, 13:30
Ұлттық банк атын жамылған алаяқтар ақтөбелік тұрғынның 5 млн теңгесін жымқырған
Қылмыс • Бүгін, 13:20
«Таза Қазақстан»: Ұлытауда жыл басынан бері 2 мың тоннадан аса қоқыс шығарылды
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 13:12
Елімізде ескі үлгідегі 2 000 теңгелік банкноттар айналымнан шығарылады
Қаржы • Бүгін, 12:55
«Таза Қазақстан»: Астанада мектеп оқушылары сенбілікке қатысты
Экология • Бүгін, 12:50
Астанада 2 мың доллар үшін үй өртемек болған тұрғын сотталды
Оқиға • Бүгін, 12:43
85 млн теңге желге ұшты: Оқудан шығарылғандарға қайта грант тағайындалған
Қаржы • Бүгін, 12:29
Жүлде қоры – 21 млн теңге: Абай облысында «Ақтоғай Арғымағы – 2026» бәйгесі өтті
Аймақтар • Бүгін, 12:10