10 Наурыз, 2016

«Қазақ елі» атты журнал Түркияда жарық көрді

603 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ҚKazakeli 1 001азақ және түрік баспасөзі «Қазақ елі» деп аталатын жаңа басылыммен толықты. Ыстамбұлда жарық көрген бұл журналдың алғысөзінде Қазақ-түрік білім және зерт­теу қауымдастығының пре­зиденті Серкан Дінчтүрік: «Құрметті оқырмандар, Қазақ-түрік білім және зерттеу қауымдастығының бастамасымен жарық көрген «Қазақ елі» атты журналымыз қазақ және Түркі әлеміне пайдалы болуы­на тілектеспін... Бұл басылым қауымдастығымыздың іс-шараларын, қоғамдық өмірде болып жатқан жаңалықтарын құрметті оқырмандарға жет­кізіп, арамыздағы жетіс­тік­терді таныс­тыра отырып, мә­­дениетімізден де үзін­ді­лер ұсынатын болады. Түрік әле­мінде болып жатқан күн­делікті жаңалықтарды да зерттей отырып, сіздерге жет­кізеді», – деді. Айта кетейік, журналдың алғашқы санында Еуразия Ұлт­тық университетінің жур­налис­тика мәселелерін зерттеу инс­титутының директоры На­­мазалы Омашевтың «Қа­зақ елі», Қазақстанның Түр­кия­дағы елшісі Жансейіт Түй­мебаевтың Қазақстан мен Түр­кияның бай­ланыстары туралы, Қазақ-түрік білім және зерттеу қауым­дастығының құрметті төрағасы Якуп Жанның «Мақ­сатымыз Қазақ еліне лайықты жастар тәрбиелеу», Еу­разия түрік қауымдастығы фе­дера­циясының төрағасы Исмаил Женгиздің «Түркі әле­мінің жар­­қын келешегі», Хы­зырбек Гайреттулахтың «Көш», Құддус Чолпанның «Зуқа б­а­тыр» деген мақалалары жа­рияланған. Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ.