10 Наурыз, 2016

Өзара ықпалдастық жайы талқыланған форум

228 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ делегациясы Түркияның Ыстамбұл қаласында өткен «Eurasia Rail 2016» халықаралық теміржолшылар форумына қатысты. Форум шеңберінде «ҚТЖ»ҰК» АҚ президенті Асқар Маминнің Түркия көлік саласының жетек­ші­лері – көлік, коммуникация және теңіз жолы министрі Бинали Йыл­­ды­рыммен және мемлекеттік темір­жолдың бас директоры Омер Йыл­­дызбен жұмыс бабындағы кездесу­лері болды. Кездесулер барысында екі ел­дің көлік және логис­тика сала­ларындағы ынтымақ­тас­тығының бірқатар мәселелері мен Қытай – Қа­зақстан – Түркия – Еуропа Транскаспий халықаралық көлік маршрутын (ТХКМ) дамыту мәсе­лелері талқыланды. Көлік, коммуникация және те­ңіз жолы министрі Бинали Йыл­ды­рым 2016 жылдың қазан айында аяқталады деп жоспарланған Карс – Ахалкалаки теміржол бөлігі құ­рылысының барысы туралы ақ­парат берді. Түркия мен Грузия арасында темір­жол қатынасын орнату Транс­каспий халықаралық көлік мар­шрутының жұмысына қосым­ша қуатты серпін беретін болады. А.Мамин аталған маршрут Қытай, Түркия және Еуропаның оң­түс­­­тік бөлігі елдерінің ара­сын­­дағы нарықтардың көлік бай­ла­ны­сын шешу үшін жаңа логис­ти­ка­лық бағыттар іздеп отырған халық­аралық көлік-логис­тикалық қоғам­дастықтың назарын өзіне аударатынын атап көрсетті. Қос тарап ТХКМ-ны дамыту­дың Үйлестіру комитетінің мар­шрут­тың тиімді тарифтік саясат жүр­­гізу, тасымалдаудың біртұтас тех­но­логияларын ен­гізу және инте­гра­цияланған муль­тимодалдық логис­тикалық өнім құру нәтиже­сін­де бәсекеге қабілеттілігін арт­тыру бо­йын­ша жасап жатқан жұмысын оң бағалады. Кездесу барысына, сондай-ақ, әңгіме Түркиядан шығатын жүк тиелген автокөлік ағынын Ақ­тау порты арқылы Орталық Азия ел­дері мен Қазақстанға ұлғайту туралы өрбіді. Тек осы жылдың өткен екі айы ішінде ғана жүк тиеп өткен көліктер саны 1660-тан астам бірлікті құраса, 2015 жыл бойы 1885 көлік өткен еді. Еске сала кетсек, теміржол көлі­гі, инфрақұрылым және логис­ти­­­ка жөніндегі «Eurasia Rail 2016» халықаралық форумы ауқымы жөні­нен дүниежүзі бойынша үшін­ші салалық форум саналады. Ол Еуразия құр­лы­ғында ырғақты дамып келе жат­қан логистикалық инфра­құрылымдардың мүмкіндіктерін бағалауға мүмкіндік береді. Үстіміздегі жылы көрме мен кон­фе­ренцияға әлемнің 25 елінен 200-ден астам компанияның өкілдері келді. Сәулебек БІРЖАН.