Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі ұсынған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына тіркелген кандидаттардың сапалық құрамы жөнінде ақпараттандырды.
Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешовтің мәлім етуінше, кандидаттардың сапалық құрамы мынадай болып келеді: кандидаттардың 7-еуі ер адам немесе 77,8 пайыз, әйелдер – 2 немесе 22,2 пайыз. Барлық 9 кандидаттың да білімі жоғары. Кандидаттар арасында үш дипломды инженер, 1 дәрігер, 1 заңгер, 1 оқытушы, тағы үшеуі – басқа мамандық иелері. «Қазақстан халқы Ассамблеясынан Парламент Мәжілісінің депутаттығына тіркелген кандидаттардың төртеуі ғылым, мәдениет және білім қызметкерлері болса, үшеуі V шақырылған Парламент Мәжілісінің депутаттары. Бір қызметкер мемлекеттік емес меншік нысанындағы ұйымның қызметкері және біреуі орталық мемлекеттік органда жұмыс істейді», – деді ол осы жөнінде.
ОСК хатшысының атап өтуінше, Қазақстан халқы Ассамблеясынан Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың орташа жасы 57,5 жасты құрайды. Айта кетейік, 2016 жылғы 21 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында 9 Мәжіліс депутатын сайлау өтеді.

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше