10 Наурыз, 2016

Коммунистер қатары толықты

282 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Коммунистер-09Қазақстан Коммунистік халық партиясының (ҚКХП) сайлауалды үгіт-насихат штабының белсенділері Халықаралық әйелдер күні мерекесі күндері де тынымсыз жұмыс істеді. Соның ішінде жастар қанатының белсенділері ардагер аналарды ашық аспан астында құттықтап, оларға қуаныш сыйлады. Бұл құттықтау Алматының «Сары­арқа» кинотеатры маңындағы саябақта болды. Жастар осы жерге шақырылған ардагер аналарға өз өнерлерін көрсетті, ән айтып, би биледі және шахматтан жарыс ұйымдастырды. Шағын концертте ардагерлерге танымал әндер шырқалып, олардың жастық шақтарын еске түсірді. Құрметті қонақтарды ҚКХП рес­пуб­ликалық сайлауалды штабының мүше­лері Галина Баймаханова мен Магеррам Магеррамов та құттықтады. Партияның Алматы қалалық комитетінің жетекшісі Магеррам Магеррамов ардагерлердің арқасында жер бетінде бейбітшілік пен тыныштық орнап отырғанын айтты. Сондықтан жастар ардагерлердің соғыс тылындағы және одан кейінгі еңбектегі ерліктеріне тәнті екенін атап көрсетіп, оларға денсаулық, мейірім және туған-туысқандарының махаббатын тіледі. «Құрметті ардагерлер, сіздерді көк­темнің шуақты мерекесімен құттық­тай отырып, өздеріңізге Ұлы Отан соғысы кезіндегі ерлік­теріңіз бен ерен еңбектеріңіз үшін риза­шы­лы­ғ­ы­мыз­ды білдіреміз. Сіздердің қаһар­ман­дық­тарыңыз­дың арқасында біз қазіргі бей­біт­шілік пен тыныштықта өмір сүріп жатырмыз», – деді ол. Депутаттықтан үміткер Галина Бай­маханова партиялас әріптесінің сөзін қостай келіп, ардагерлердің әлеу­меттік мәселелерін шешуге басым­дық берілетінін баяндады. «Сіздер­дің коммунистік идеяның жалғасты­рушылары ретінде бізге деген көңіл­дер­іңіз­ді жоғары бағалаймыз. Сіздер біз үшін қаһармандар және Отан қорғау­шы­лар ғана емес, бүгінгі таңда біз насихат­тап жүрген құндылықтар мен комму­нистік партия құрған социалистік дәуірдің тірі куәгерісіздер. Сіздерге өз­деріңізді толғандыратын мәселелерді ше­шуге ыждағаттылық танытуға және жақ­сы өмір сүруге жайлы жағдай жасауға уәде береміз», – деді Галина Баймаханова. Ал мереке күнінің қарсаңында Астана қаласында жаңа жастар тобы ҚКХП қатарына қабылданды. Оларға пар­тиялық билеттер салтанатты жағ­дайда республикалық сайлауалды штабының үйінде тапсырылды. Штаб жетекшісі, V сайланған Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров бүгінгі салтанат жас коммунистердің есінде мәңгі қалатынына үміт білдіретінін айтты. Бүгін жастар адамзат үшін ең озық гуманитарлық идеяларды таратушы және оны іске асыруға тырысушы партияның қатарына өтіп отыр. Сондықтан бұл күн олардың есінде мәңгілік қалуға тиіс, деді ол. Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».