Кеше «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының орталық аппаратында жаңа редакциядағы Еңбек кодексінің негізгі ережелерін түсіндіру бойынша онлайн-семинар өтті.
Аталған семинарға барлық деңгейдегі агроқұрылым қызметкерлері, партия мүшелері, республикалық қоғамдық штаб өкілдері, сонымен қатар, скайп байланыс арқылы ұйымның барлық аймақтық қоғамдық штаб мүшелері қатысты.
Жиында Қазақстан Кәсіподақтары федерациясы төрағасының орынбасары Гүлнар Жұмагелдиева кәсіпорынның экономикалық жағдайы нашарлаған жағдайда қызметкерді жұмыстан шығару, толық емес жұмыс режімі, сондай-ақ, еңбек құқығын қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша әңгімелеп берді. Бұлардан бөлек, Г.Жұмагелдиева еңбек дауларын шешу мәселесіне кеңінен тоқталды. Оның айтуынша, Кодекске ұжымдық немесе жеке еңбек дауларын шешу, медиация тәртібін пайдалану секілді жаңашылдықтар енгізілген.
Жалпы, «Ауыл» партиясы адами ресурстарды дамыту, жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғау және оған кепілдік беруді өзінің басты міндеттерінің бірі деп санайды. Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін партия өткен жылы Қазақстан Кәсіподақтары федерациясымен ынтымақтастық және түсіністік туралы меморандумға қол қойған болатын.
Сонымен бірге, «Ауыл» партиясы «Лайықты еңбек» партиялық жобасын жүзеге асырған-ды. Бұл жоба еңбек келісімшартының тұрақты әрі міндетті түрде жасалуына, еңбек дауларын шешудің тиімді тәсілдерін табуға, жұмыс орындарын көптеп ашуға бағытталған.
Онлайн-семинар барысында Г.Жұмагелдиева қатысушылар тарапынан қойылған көптеген сұрақтарға жауап берді. Шарада еңбек қарым-қатынасы саласында қоғамдық бақылау жүйесін орнату бағытында халықтың сауаттылығын көтеру ісінің маңыздылығы атап өтілді.
Айта кетейік, өткен жексенбіде «Ауыл» партиясының республикалық қоғамдық штабы ауылдағы үздік бизнес-жобаларды насихаттайтын «Гүлденген ауыл» акциясының басталғанын ресми жария етті. Акция мақсаты – барлық аймақтардан ауылда жүзеге асыруға ыңғайлы, келешегі бар, тиімді бизнес-жобаларды жинақтау. Партиялық бұл жобаның тағы бір мақсаты – ауылдық жерлерде өзін өзі жұмыспен қамтыған халық санын көбейту. Осы орайда, «Ауыл» партиясының хатшысы Бөрібай Жексембин: «Ауылда материалдық және адами ресурс өте жоғары. Ол бүгінде толық деңгейде қолданылмай отыр. Бұл жобаның негізгі мақсаты – ауыл халқына өз кәсібін бастауға көмектесу, ынталандыру, бизнес-идеямен бөлісу», – деді.
Акцияның тұсаукесеріне «Ауыл» партиясының мүшелері, депутаттықтан үміткерлер, бизнес өкілдері қатысты.
Жолдыбай БАЗАР,
«Егемен Қазақстан».
АСТАНА.

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше