10 Наурыз, 2016

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №124

162 рет
көрсетілді
19 мин
оқу үшін
2016 жылғы 29 ақпан,  Астана, Үкімет Үйі «Қазақстан – Қытай» газ құбырының «С» желісін салу», «Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырының желілік бөлігін салу», «Жаңажол газ өңдеу зауытының екінші және үшінші кезегін салу» басым жобалары бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квоталарды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 183 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Қазақстан – Қытай» газ құбырының «С» желісін салу», «Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырының желілік бөлігін салу», «Жаңажол газ өңдеу зауытының екінші және үшінші кезегін салу» басым жобалары бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квоталарды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 183 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 20, 104-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан – Қытай» газ құбырының «С» желісін салу», «Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырының желілік бөлігін салу», «Жаңажол газ өңдеу зауытының екінші және үшінші кезегін салу» басым жобалары бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға квоталар белгілеу және «Қазақстан-Қытай» газ құбырының «С» желісін салу», «Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырының желілік бөлігін салу», «Жаңажол газ өңдеу зауытының екінші және үшінші кезегін салу» басым жобалары бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру шарттарын бекіту туралы»; мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: «1-1. Қоса беріліп отырған: 1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес «Қазақстан – Қытай» газ құбырының «С» желісін салу» жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру шарттары (өтініш беруші – «Азия газ құбыры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі); 2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес «Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырының желілік бөлігін салу» жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру шарттары (өтініш беруші – «Бейнеу – Шымкент» газ құбыры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі); 3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес «Жаңажол газ өңдеу зауытының екінші және үшінші кезегін салу» жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру шарттары (өтініш беруші – «СНПС – Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамы) бекітілсін.»; көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 ақпандағы №124 қаулысына 1-қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 183 қаулысымен бекітілген «Қазақстан – Қытай» газ құбырының «С» желісін салу» жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру шарттары (өтініш беруші – «Азия газ құбыры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) 1. Аумағында басым жоба іске асырылатын әкімшілік-аумақтық бірліктің уәкілетті органына жұмыс беруші немесе ол уәкілеттік берген тұлға ұсынатын шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған өтінішке қоса берілетін құжаттар мыналарды қамтуға тиіс: 1) тегі, аты, әкесінің аты (оның ішінде латын әріптерімен), туған күні, азаматтығы, паспортының (жеке басын куәландыратын құжаттың) нөмірі, берілген күні және оны берген орган, тұрақты тұратын елі, шыққан елі, білімі, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін Қазақстан Республикасында қолданылатын басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, ұйымдардың басшылары, мамандары мен басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына, жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларына және 01-99 «Кәсіптер сыныптауышы» Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыныптауышына сәйкес мамандығының, біліктілігінің (лауазымының) атаулары көрсетіле отырып, тартылатын шетелдік жұмыскерлер туралы мәліметтер; 2) Қазақстан Республикасының күшіне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңдастырылған білімі туралы құжаттардың нотариат растаған аудармалары (егер құжат мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырылған болса, көшірмелері); 3) бұрын өзі жұмыс істеген жұмыс берушінің ресми бланкісіндегі жұмыскердің еңбек қызметі туралы жазбаша растауы немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растаушы құжаттар қоса берілгені жұмыскердің еңбек қызметі туралы ақпарат (тиісті кәсіп бойынша жұмыс өтілі жөнінде біліктілік талаптары болған кезде); 4) басым жобаны іске асыруға қатысқанын куәландыратын шарттан нотариат растаған үзінді не салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылған көшірмесі (мердігер және қосалқы мердігер ұйымдар үшін). 2. Уәкілетті органның жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беруі мынадай арақатынастар сақталған кезде жүзеге асырылады: 1) газ құбырының «С» желісін салу үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны «Азия газ құбыры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі (бұдан әрі – «Азия газ құбыры» ЖШС) бірінші санатқа жататын жұмыскерлердің тізімдік санының 50 %-ынан кем болмауға және мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдардағы бірінші санатқа жататын жұмыскерлердің тізімдік санының 50 %-ынан кем болмауға тиіс; 2) газ құбырының «С» желісін салу үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны «Азия газ құбыры» ЖШС-дегі екінші санатқа жататын жұмыскерлердің тізімдік санының 50 %-ынан кем болмауға және мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдардағы екінші санатқа жататын жұмыскерлердің тізімдік санының 50 %-ынан кем болмауға тиіс; 3) газ құбырының «С» желісін салу үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны «Азия газ құбыры» ЖШС-дегі үшінші санатқа жататын жұмыскерлердің тізімдік санының 80 %-ынан кем болмауға және мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдардағы үшінші санатқа жататын жұмыскерлердің тізімдік санының 80 %-ынан кем болмауға тиіс; 4) газ құбырының «С» желісін салу үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны «Азия газ құбыры» ЖШС-дегі төртінші санатқа жататын жұмыскерлердің тізімдік санының 100 %-ынан кем болмауға және мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдардағы төртінші санатқа жататын жұмыскерлердің тізімдік санының 90 %-ынан кем болмауға тиіс. 3. Шетелдік жұмыскерлердің елге кіруі «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабында көзделген талаптар сақталған кезде жүзеге асырылады. 4. Шетелдік жұмыс күшін тартудың осы шарттарда реттелмеген өзге де талаптары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы 45 қаулысымен бекітілген Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру қағидаларында және шарттарында регламенттеледі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 ақпандағы №124 қаулысына 2-қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі №183 қаулысымен бекітілген «Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырының желілік бөлігін салу» жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру шарттары (өтініш беруші – «Бейнеу – Шымкент» газ құбыры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) 1. Аумағында басым жоба іске асырылатын әкімшілік-аумақтық бірліктің уәкілетті органына жұмыс беруші немесе ол уәкілеттік берген тұлға ұсынатын шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған өтінішке қоса берілетін құжаттар мыналарды қамтуға тиіс: 1) тегі, аты, әкесінің аты (оның ішінде латын әріптерімен), туған күні, азаматтығы, паспортының (жеке басын куәландыратын құжаттың) нөмірі, берілген күні және оны берген орган, тұрақты тұратын елі, шыққан елі, білімі, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін Қазақстан Республикасында қолданылатын басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, ұйымдардың басшылары, мамандары мен басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына, жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларына және 01-99 «Кәсіптер сыныптауышы» Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыныптауышына сәйкес мамандығының, біліктілігінің (лауазымының) атаулары көрсетіле отырып, тартылатын шетелдік жұмыскерлер туралы мәліметтер; 2) Қазақстан Республикасының күшіне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңдастырылған білімі туралы құжаттардың нотариат растаған аудармалары (егер құжат мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырылған болса, көшірмелері); 3) бұрын өзі жұмыс істеген жұмыс берушінің ресми бланкісіндегі жұмыскердің еңбек қызметі туралы жазбаша растауы немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растаушы құжаттар қоса берілгені жұмыскердің еңбек қызметі туралы ақпарат (тиісті кәсіп бойынша жұмыс өтілі жөнінде біліктілік талаптары болған кезде); 4) басым жобаны іске асыруға қатысқанын куәландыратын шарттан нотариат растаған үзінді не салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылған көшірмесі (мердігер және қосалқы мердігер ұйымдар үшін). 2. Уәкілетті органның жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беруі мынадай арақатынастар сақталған кезде жүзеге асырылады: 1) газ құбырының желілік бөлігін салу үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны «Бейнеу – Шымкент» газ құбыры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі (бұдан әрі – «Бейнеу – Шымкент» газ құбыры» ЖШС) бірінші санатқа жататын жұмыскерлердің тізімдік санының 50 %-ынан кем болмауға және мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдардағы бірінші санатқа жататын жұмыскерлердің тізімдік санының 80 %-ынан кем болмауға тиіс; 2) газ құбырының желілік бөлігін салу үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны «Бейнеу – Шымкент» газ құбыры» ЖШС-дегі екінші санатқа жататын жұмыскерлердің тізімдік санының 60 %-ынан кем болмауға және мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдардағы екінші санатқа жататын жұмыскерлердің тізімдік санының 70 %-ынан кем болмауға тиіс; 3) газ құбырының желілік бөлігін салу үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны «Бейнеу – Шымкент» газ құбыры» ЖШС-дегі үшінші санатқа жататын жұмыскерлердің тізімдік санының 80 %-ынан кем болмауға және мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдардағы үшінші санатқа жататын жұмыскерлердің тізімдік санының 80 %-ынан кем болмауға тиіс; 4) газ құбырының желілік бөлігін салу үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны «Бейнеу – Шымкент» газ құбыры» ЖШС-дегі төртінші санатқа жататын жұмыскерлердің тізімдік санының 100 %-ынан кем болмауға және мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдардағы төртінші санатқа жататын жұмыскерлердің тізімдік санының 90 %-ынан кем болмауға тиіс. 3. Шетелдік жұмыскерлердің елге кіруі «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабында көзделген талаптар сақталған кезде жүзеге асырылады. 4. Шетелдік жұмыс күшін тартудың осы шарттарда реттелмеген өзге де талаптары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы 45 қаулысымен бекітілген Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру қағидаларында және шарттарында регламенттеледі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 ақпандағы №124 қаулысына 3-қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 183 қаулысымен бекітілген «Жаңажол газ өңдеу зауытының екінші және үшінші кезегін салу» жобасын іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру шарттары (өтініш беруші – «СНПС «Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамы) 1. Аумағында басым жоба іске асырылатын әкімшілік-аумақтық бірліктің уәкілетті органына жұмыс беруші немесе ол уәкілеттік берген тұлға ұсынатын шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған өтінішке қоса берілетін құжаттар мыналарды қамтуға тиіс: 1) тегі, аты, әкесінің аты (оның ішінде латын әріптерімен), туған күні, азаматтығы, паспортының (жеке басын куәландыратын құжаттың) нөмірі, берілген күні және оны берген орган, тұрақты тұратын елі, шыққан елі, білімі, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін Қазақстан Республикасында қолданылатын басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, ұйымдардың басшылары, мамандары мен басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына, жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларына және 01-99 «Кәсіптер сыныптауышы» Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыныптауышына сәйкес мамандығының, біліктілігінің (лауазымының) атаулары көрсетіле отырып, тартылатын шетелдік жұмыскерлер туралы мәліметтер; 2) Қазақстан Республикасының күшіне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заңдастырылған білімі туралы құжаттардың нотариат растаған аудармалары (егер құжат мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырылған болса, көшірмелері); 3) бұрын өзі жұмыс істеген жұмыс берушінің ресми бланкісіндегі жұмыскердің еңбек қызметі туралы жазбаша растауы немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растаушы құжаттар қоса берілгені жұмыскердің еңбек қызметі туралы ақпарат (тиісті кәсіп бойынша жұмыс өтілі жөнінде біліктілік талаптары болған кезде); 4) басым жобаны іске асыруға қатысқанын куәландыратын шарттан нотариат растаған үзінді не салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылған көшірмесі (мердігер және қосалқы мердігер ұйымдар үшін). 2. Уәкілетті органның жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беруі мынадай арақатынастар сақталған кезде жүзеге асырылады: 1) зауыттың екінші және үшінші кезегін салу үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдардағы бірінші санатқа жататын жұмыскерлердің тізімдік санының 70 %-ынан кем болмауға тиіс; 2) зауыттың екінші және үшінші кезегін салу үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдардағы екінші санатқа жататын жұмыскерлердің тізімдік санының 65 %-ынан кем болмауға тиіс; 3) зауыттың екінші және үшінші кезегін салу үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдардағы үшінші санатқа жататын жұмыскерлердің тізімдік санының 80 %-ынан кем болмауға тиіс; 4) зауыттың екінші және үшінші кезегін салу үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының саны мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдардағы төртінші санатқа жататын жұмыскерлердің тізімдік санының 82 %-ынан кем болмауға тиіс. 3. Шетелдік жұмыскерлердің елге кіруі «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабында көзделген талаптар сақталған кезде жүзеге асырылады. 4. Шетелдік жұмыс күшін тартудың осы шарттарда реттелмеген өзге де талаптары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы 45 қаулысымен бекітілген Шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру қағидаларында және шарттарында регламенттеледі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 ақпандағы №124  қаулысына 4-қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі №183 қаулысына қосымша «Қазақстан – Қытай» газ құбырының «С» желісін салу», «Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырының желілік бөлігін салу», «Жаңажол газ өңдеу зауытының екінші және үшінші кезегін салу» басым жобалары бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квоталар Р/с №    Жобаның атауы    Өтініш беруші    Іске асыру орны    Іске асыру мерзімі    Жыл     Квота (адам) 1    2    3    4    5    6    7 1    «Қазақстан – Қытай» газ құбырының «С» желісін салу    «Азия газ құбыры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі    Алматы қ., Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстары    2012 – 2016 жылдар    2015    1817 2016    1078 1    2    3    4    5    6    7 2    «Бейнеу – Бозой –Шым­кент» газ құбыры­ның желілік бөлігін салу»    «Бейнеу – Шымкент газ құбыры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі    Алматы қ., Ақтөбе, Қы­зыл­­орда, Оңтүстік Қазақ­стан­ және Маңғыстау облыстары    2012 – 2016 жылдар    2015    982 2016    781 3    «Жаңажол газ өңдеу зауытының екінші және үшінші кезегін салу»    «СНПС –Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамы    Ақтөбе облысы    2012 – 2016 жылдар    2015    824 2016    574