АҚТӨБЕ. 10 наурыз. Елбасы Ақтөбе облысына жасаған жұмыс сапары аясында бүгін Ақтөбе мұнай жабдықтары зауытында болды. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
Қазақстан Президентіне зауыттың жаңа өнім үлгілері көрсетіліп, мұнай жабдықтарын шығарудың технологиялық үдерісі таныстырылды.
Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаевқа өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы баяндалды.
Мемлекет басшысы кәсіпорын жұмысшыларымен, облыстың шағын және орта бизнес өкілдерімен әңгімелесті.
Әңгіме барысында Қазақстан Президенті елді индустрияландыруға байланысты жұмысшы мамандықтарының маңызы артатынын, соған орай мемлекет бұл бағытта мақсатты түрде жұмыс жүргізіп жатқанын айтты.
Нұрсұлтан Назарбаев өңір кәсіпорындарында жұмыс орындарын сақтаудың, өндірістік үдеріске инновациялар енгізудің маңыздылығын да атап өтті.
Ақтөбе мұнай жабдықтары зауыты – елдегі мұнай кәсіпшілігіне арналған кешенді жабдықтар шығаратын мамандандырылған машина жасау кәсіпорнының бірі.
Қазақстанда насос штангаларын шығаратын бірден-бір зауыт саналатын кәсіпорын ел нарығының 80 пайыздан астамын қамтамасыз етеді және Өзбекстан мұнай компанияларына жабдықтар жеткізеді.
Сатыбалды Сәуірбай.
Дерек, сурет: akorda.kz.

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше