АСТАНА. 10 наурыз. Бүгін Астана қаласындағы жоғары оқу орындарында футзалдан студенттер лигасының ойындары басталды. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты – astana.gov.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Сайысқа 8 команда қатысуда. Олар бірінші кезеңде өзара екі матчтан өткізеді. Үздік төрт команда шешуші кезеңде бақ сынау мүмкіндігіне ие болады. Лиганың алғашқы маусымы 12 мамырға дейін жалғасады. Турнир Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спортзалында басталса, шешуші матчтарды Назарбаев университетінде өткізу жоспарланған.
Жарысқа «Астана» медицина университетінен, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінен, «Тұран-Астана» университетінен және Қаржы академиясынан – бір, ал Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Назарбаев университетінен екі командадан қатысады. Әр командада 18 студенттен ойнайды.
«Астанада студенттер арасында футболдан турнирлер жиі өткізіледі. Астана футбол федерациясының мақсаты – студенттер лигасын жаңа деңгейге көтеру. Кездесулерде Қазақстан премьер-лигасы мен бірінші лигада жұмыс істеген төрешілер қазылық етеді», – дейді Астана футбол федерациясының менеджері Ерік Чинчалинов.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: astana.gov.kz.
• 10 Наурыз, 2016
Астанада футзалдан студенттер лигасының жаңа маусымы басталды

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше