10 Наурыз, 2016

Мьянма парламенті ел президенттігінен үміткерлерін ұсынды

232 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
10-03-2016-myanma 01АСТАНА. 10 наурыз. Мьянма парламентінің төменгі және жоғары палаталары президенттікке өз үміткерлерін ұсынды. Бұл туралы euronews.com ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Мьянма елінде қараша айында өткен сайлауда жеңіске жеткен Демократия үшін ұлттық лигасы президенттікке үміткер ретінде У Хтина Чжоны ұсынды. 70 жастағы университет профессоры талай жыл Ұлттық лига көшбасшылығы үшін күрескен Аун Сан Су Чжидің жеке көлік жүргізушісі және серігі болған. Партия Хтин Чжо кандидаттығын Нейпьидода өткен парламент отырысы кезінде төменгі палатадан үміткер ретінде ұсынған. Ал, Нобель сыйлығының лауреаты Аун Сан Су Чжидің өзі президент бола алмайды. Себебі, Мьянма конституциясында туыстарынің бірі өзге елдердің азаматы болса, ондай үміткерлерді жоғары мемлекеттік лауазымдарға қоюға тыйым салынған. Ал бүгінде Аун Сан Су Чжидің екі ұлы Ұлыбритания азаматтығын алып, Лондонда өмір сүріп жатыр. Бұдан кейін парламенттің жоғары палатасының үміткер ретінде Чин ұлттық штатының төрағасы Генри Ван Тхи Юды ұсынғаны белгілі болды. Осы елдің конституциясына сәйкес, парламенттің жоғары және төменгі палаталары бір-бір кандидаттан ұсына алады. Ал үшінші үміткерді Мьянманың Қарулы күштері ұсынады. Жеңімпаз қарапайым жолмен – ең көп дауыс жинаумен анықталады. Сондай-ақ, мемлекеттің жаңа басшысы қызметіне тек 1 сәуірден бастап кіріседі. Себебі, дәл осы уақытта қазіргі президент Тейн Сейннің өкілеттілік мерзімі аяқталады. Еламан Қоңыр. Дерек, сурет: euronews.com.