Кеше «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы республикалық қоғамдық штабының орталық кеңсесінде «Денсаулық жолы» тақырыбында халықты саламатты өмір салтына баулу ісіне арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Ғалымдар, саламатты өмір салтын қалыптастыру бағытында қызмет көрсететін орталықтардың өкілдері, денсаулық сақтау саласы мекемелерінің мамандары, сарапшылар және партия мүшелері қатысқан конференцияны «Ауыл» ХДПП төрағасының бірінші орынбасары, Парламент Мәжілісінің депутаттығынан үміткер, медицина ғылымдарының докторы Толымбек Ғабділәшімов ашып, кіріспе сөз сөйледі.
– Бүгінгі жиынымыз қоғамымызда саламатты өмір салтын қалыптастыру мәселесіне арналып отыр. Басқосуға жиналғандардың көпшілігі медицина саласының білікті, тәжірибелі мамандары. Сондықтан, осы конференцияда тақырыпқа қатысты тұщымды ойлар, ұсыныстар айтылады деп күтеміз.
Жалпы, қазақта «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген сөз бар. Ауырғымыз келмейді, бірақ денсаулықты сақтауға жөнді мән бере қоймаймыз. Аз қозғалу, дұрыс тамақтанбай, жағымсыз әдеттерге бой алдыру біздің денсаулығымызды біртіндеп төмендетіп жатқаны жасырын емес. Әсіресе, ауылдағы ағайынның ауруын асқындырып алып, қалаға сабылатыны бүгінгі күннің шындығы, – деді Т.Ғабділәшімов. Оның айтуынша, қазіргі таңда халықтың денсаулығы мемлекеттің басты назарында тұр.
Бұдан кейін спикер «Ауыл» партиясының сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарымен таныстыра келіп, денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясат нақты мақсаттар мен индикаторларға ие болуы тиіс екеніне екпін берді. Сондай-ақ, ол Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне сүйене отырып, адам денсаулығының тек 10 пайызы медицина жүйесіне байланысты екенін, 50 пайызы адамның өмір сүру салтына сәйкес қалыптасатынын жеткізді.
Жиында Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, эколог Мұрат Нұрышев, Саламатты өмір салтын қалыптастыру ұлттық орталығы бас директорының кеңесшісі Клара Медеубаева, дәрігер-эндокринолог Жанар Анарбаева, Астана қаласындағы №7 емхана бас дәрігерінің орынбасары Бақыт Ыдырысова, Қарағанды облысы Нұра аудандық орталық ауруханасының директоры Бақтыгүл Мұқышева және Астанадағы «Дәрігерлік-әлеуметтік оңалту орталығы» мемлекеттік мекемесінің наркологы Тоқтар Қойшыбеков баяндама жасап, көпшілікті толғандырып жүрген бірқатар өзекті мәселелерді сөз етті.
Жолдыбай БАЗАР,
«Егемен Қазақстан».
АСТАНА.

Қаржы • Бүгін, 16:20
Кәсіпкерлерге несие алу жеңілдеуі мүмкін
Экономика • Бүгін, 16:10
Салық жүйесі «таза парақтан» қайта құрылады
Экономика • Бүгін, 16:05
Астанада көлік пен логистика саласының мамандарына «транспорттық Оскар» табысталды
Марапат • Бүгін, 15:53
ШОБ кәсіпорындарын жаңғырту үшін лизингтік қаржыландыру іске қосылады
Бизнес • Бүгін, 15:45
Журналистика қалай өзгеріп жатыр: Қазақстанда БАҚ өкілдері цифрлық дағдыларды меңгерді
Технология • Бүгін, 15:30
Шағын бизнесті қолдауға арналған өңірлік бағдарламалар әзірленеді
Қоғам • Бүгін, 15:23
Ақтөбеде жалған құжат жасаумен айналысқан әйел ұсталды
Қоғам • Бүгін, 15:05
Вице-премьер салықтардың әлемдік тәжірибеге сай өзгеретінін мәлімдеді
Қаржы • Бүгін, 14:45
Ақтаудағы жағымсыз иістің себебі белгілі болды
Қоғам • Бүгін, 14:42
Ерболат Досаев «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінің құрамына енді
Тағайындау • Бүгін, 14:31
Салық төлеуші «Цифрлық бюджет» арқылы өз аударымын көре алады
Қоғам • Бүгін, 14:22
Конькимен жүгіру: 2026 жылғы қысқы Олимпиадаға кімдер қатысады?
Қысқы спорт • Бүгін, 14:17
Алматыда Асанәлі Әшімовті ақтық сапарға шығарып салды
Қоғам • Бүгін, 13:16