11 Наурыз, 2016

Атамекенін аңсаған ақын

358 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ақтау қаласында дарынды балаларға арналған қазақ-түрік мамандандырылған мектеп-лицей интернатында «Атажұртын аңсаған Төлеген Айбергенов» ат­ты халықаралық ғылыми-тео­риялық конференция өтті. Кон­ференцияға қатысушылар Т.Айбергеновтің өмірі мен шы­ғар­­машылығына байланысты жасалған фотогалереямен танысып, «Айбергенов әлемі» аты екі сериялы деректі фильмді тамашалады. Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сабыр Адай пленарлық мәжілісте кіріспе сөз сөйлеп, мазмұнды баяндамасымен конференцияның шымылдығын ашып берді. Конференцияға арнайы шақырылған баян­да­ма­шы­лардың қатарында Өз­бекс­т­ан Жазушылар одағының мү­шесі Өмірбай Ембергеновтің «Са­ғыныштан жаралған дүние», Төлеген Айбергеновтің кіндік қаны тамған Қоңырат ауданы «Таң нұры» ауылынан Жеткізген Сәрсенбаевтың «Ақынды зерттеп тани білсек», Тараз мемле­кет­тік педагогикалық институты «Бауыр­­жантану» ғылыми-зерттеу ор­талығының қызметкері, педагогика ғылымдарының ма­гистрі Әлімбай Найзабаевтың «Төлегентанудағы зерттеулік мәселелер», Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе Өңірлік мемлекеттік университетінің студенті Гүлфайрус Латифуллинаның «Төлеген Айбергенов поэзия­сы­ның поэтикасы» атты баяндамалары тыңдалды. Пленарлық мәжілісте оқылған баяндамалар мен ұсыныстар бойын­ша жарыссөз қызу өтті. Келіп түскен жұмыстарды арнайы комиссия қарап, жинаққа енетін мақалалар таңдалды. Конференцияның соңында «Арна» тобы мен өнерлі жас­тардың әдеби-сазды бағдар­лама­сы тамашаланды. Қоңыратбай ИСПАНОВ, журналист. Маңғыстау облысы.