Олардың 90 пайызын қытайлықтар құрайды
Жақында 2015 қаржы жылының қорытындысы бойынша 100 миллиардері бар Бейжіңді «әлем миллиардерлерінің жаңа астанасы» деп таныған Hurun Global Rich рейтингілік жүйесі қазіргі таңда планетада 2 188 аса бай адамдардың тұратынын да атап көрсетті. Жыл ішінде жалпы миллиардерлер саны 99 адамға артса, солардың 90-ны құрлықтағы Қытайда, Гонконгта және Макаода тұратын болып шықты. Осылайша, соңғы кезде аттары танылған «су жаңа» байлардың 90 пайызын Аспанасты елінің өкілдері алып отыр.
Соңғы санақ бойынша, осы күндері Бейжіңде тура 100 миллиардер тұрып жатса, Нью-Йорк 95 бай-шонжарымен екінші сатыға түсіп қалған.
Осының негізінде жер-жаһандағы миллиардер қытайлықтардың қатары да айтарлықтай көбейе түскен. Мұның жалпы миллиардерлер сапына әкелген өзгерістері де аз емес. Атап айтқанда, жоғарыдағы мөлшердің 568-і қытайлықтар болып шыға келген. Сөйтіп, ханзу елі мұнда да бірінші сатыға қадам басқан. Оның екпінімен екінші орынға ығысып кеткен АҚШ-та бұлардың санаты 535 адамға шақталған.
Сол сияқты әлемдегі ең бай 100 адамның қатарында қазір Қытайдың 9 өкілі бар екені белгілі болды. Соның ішінде бұл дәулеттегі ең бай саналатын Ван Цзяньлинь Американың атақты бизнесмені, Microsoft-тың басшысы Билл Гейтс бастайтын топта 27-ші орында тұр.
Дамир ҚОЖАМҚҰЛ.

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше