11 Наурыз, 2016

Халықаралық сарапшылардың жоғары бағасын алды

232 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Медициналық зертханаларКеше Республикалық диагностикалық орталық­тың Зертханалық медицина орталы­ғында «Медициналық зертханалар. Сапа мен құзыретке қойылатын талаптар» ISO 15189:2012 халықаралық стандартына сәйкестігін аккредиттеудің қорытынды кезеңі өтті. ESYD халықаралық аккредиттеуші органы өткізген шараға «TÜV» (Германия) ха­лық­аралық аккредиттеу жөніндегі еуропалық ұйымының және Қазақстан Республикасының Аккредиттеу жөніндегі Ұлттық орталығының өкілдері қатысты. Осы орайда айта кететін бір жайт, зертханалық зерттеулер нәтижелері дәрігерлер үшін пациенттерге диагноз қоюда және ем тағайындауда маңызды. Олардың толықтай автоматтандырылуы жоғары сапаны қамтамасыз етіп, сараптамалардың нәтижелерін тез арада алуға мүмкіндік береді. Зертханалық медицина орталығы – жоғары технологиялық зертханалық қызметтер ұсы­натын Қазақстандағы ең ірі орталық. Ол 2013 жылы Joint Commission International (JCI) ха­лықаралық стандарты бойынша аккредиттеуден өткен Республикалық диагностикалық орталығының құрылымдық бөлімшесі. Мұнда еліміздің барлық өңірлерінен келетін балалар мен ересектер үшін 600-ден астам зертханалық қызмет түрі көрсетіледі. Аталған орталықтың ерекшелігі сонда, ол посткеңестік кеңістіктегі JCI және ISO 15189:2012 аккредиттеуінен өткен жалғыз емханалық-амбулаториялық мекеме болып табылады. Жиын барысында CDC/CLSI (АҚШ) сарапшылары Зертханалық медицина орталығын Қазақстан бойынша ең үздік зертхана деп таныды. Мұнда күн сайын 3 мыңнан астам, ал жылына 1 млн.-нан аса зертханалық зерттеулер өткізілетін болады. – «Медициналық зертханалардың, олардың сапасының халықаралық стандарттарға сәйкес болуы тұрғындарға ұсынылатын зертханалық қызметтердің сенімділігіне және қауіпсіздігіне берілген кепілдік болып табылады. Жаңа ин­новациялық технологияларды енгізу, барлық үрдістерді стандарттау медициналық көмектің сапасын көтеруге мүмкіндік жасады», – деді Республикалық диагностикалық орталықтың басшысы Қамалжан Надыров. Рауан ҚАЙДАР, «Егемен Қазақстан».