11 Наурыз, 2016

Кітапханашы

1192 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
SAM_8684– Нұргүл Тұманбайқызы, кі­тапхана – сырлы әлем. Сіздің кі­­тап­ханашы мамандығын таң­дауыңызға не себеп? – Мен 1979 жылы арман қуып Қазақтың мемлекеттік Қыздар педагогикалық институты­ның тіл-әдебиеті бөліміне бардым. Ал­матыда тұратын ғалым Мекерия Атымов ағамыз «Ауылда білімді кітапханашылар жоқ, неге осы бөлімге тапсырмайсың?» деп ағалық ақылын айтып, жол сіл­теген еді. Студент кезде С.Мәуленов, Ф.Оң­ғарсынова, Т.Молдағалиев, Т.Ахтанов, Ө.Қанахин т.б. көп­теген ақын-жазушылармен өткен кездесу кештері есімде сақталып қалды. Институтты 1983 жылы бітірген соң барлық саналы еңбек жолымды осы мамандыққа арнадым. – Студент кезіңізде көрген үлгі, алған тәліміңізді қызметте жалғастырып жүрген боларсыз? – Кітапхана – мәдениет­тің бір саласы болғандықтан, рес­пуб­­ликаның, облыстың маңызды оқиғаларына атсалысып жасаған қызметіміздің бәрі мен үшін есте қаларлықтай болды. Тұрғындарды сауаттылыққа, адамгершілікке, мәдениеттілікке тәрбиелеуге атсалысамыз. Өңіріміздегі ақын­дар­мен, өнер және еңбек адамдарымен жастардың кездесу кештерін, конференциялар ұйым­дастырып, өмірден өтіп кеткен халқымыздың айтулы ақын-жазушыларының шы­ғармаларын ұрпақ санасына сіңіруге тырысып келеміз. Кі­тап­хана «Жастар орталығы», қаладағы әртүрлі ұлттық-мәдени орта­лықтармен, ұйымдармен, оқу орындарымен, мектептермен тығыз байланыс жасайды. – Ауылдағы оқырмандармен байланыс қалай? – Бізде ауыл тұрғындарына кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету кешен-көлігі бар. Біз бұл көлік арқылы кітапханасы жоқ елді мекендерде орналасқан оқырмандарға стационардан тыс кітапханалық қызмет көрсетеміз. Заман талабына сай әрбір адам­ның ақпаратпен қамтылуына жағ­­дай жасау бағытында кешен толықтай қызмет көрсетуге ыңғайландырылған, яғни кешенде ноутбук, ксерокөшірме, сканермен қатар, спутниктік байла­ныс жүйесі арқылы ғаламтор қол­жетімді. Тұрғындарға ақпа­рат­тық қызмет көрсету машинасы­мен Мұнайлы ауданының Ынтымақ, Дәулет, Баянды, Батыр, Түпқараған ауданының Ақшұқыр, Сайын, Қарақия ауданының Мұ­найшы, Жетібай, Маңғыстау ауданының Тиген, 10-бекет елді мекен тұр­ғындарына қызмет көрсетіледі. – Кітапхана өмірін заманауи талапқа сай жетілдіру жұмыстары туралы айтсаңыз. – Ақпараттық қоғам кітап­ха­на қызметіне жаңа қажеттілік­тер мен мүмкіндіктер туғызуда. Елі­мізде «Электронды үкімет» бағдарламасы жүзеге асырылуда, осыған байланысты тірек кешенді кітапханалар жұмысы қолға алынуда. Маңғыстау облысында Жеті­бай, Ақшұқыр, Жыңғылды, Боранқұл елді ме­кендерінің кітапханаларын интернет желісіне қосып, онлайн орталығына айналдыру міндеттері тұр. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін кітапхана қыз­меткерлерінің компьютерлік сауаттылығын арттыру қажет. Осы мақсатта БҰҰ-ның Бірлескен бағдарламасы «Маңғыстау об­лысының тұрақты даму және әлеуметтік-экономикалық модернизация мүмкіншіліктерін кеңейту» орталығының менед­жерлері SAGA оқу орталығынан кітапханашыларды курстан өт­кізді. Кітапханашылар курстан интернетпен жұмысты меңгеру, үкіметтік порталға шығу, интернет ресурс­тарын пайдалану арқылы ақпарат кеңістігін ке­ңейту жөнінде көптеген сабақтар алды. Сондай-ақ, оқырмандарды эстетикалық бағытта тәрбиелеп, қолөнерге баулу және кітапханаға тарту мақсатында өнер әдебиеттері бөлімінде «Ажур» және «Өнер» қолөнер үйірмелері тегін жұмыс жасайды. – Маңғыстау облысында кі­тапхана ғимаратының мә­селесі ақ­сап келе жатқаны мәлім. Бұл мә­се­ле шешімін әлі таппаған сияқты... – Республика бойынша бірден-бір арнаулы ғимаратсыз отырған біздің облыстық кітапхана. Бұл туралы «Егемен Қазақстан» газетінде көлемді мақала жарияланған болатын. Қазіргі таңда ғимарат салуға жер беріледі деген хабар бар. Жер мәселесі шешілсе, жобалық-сме­талық құжатқа 25 млн. теңге шамасында қаражат қаралып жатыр деген жақсы жаңалығымыз бар. Сүйікті қаламызға сәулеті ке­­­ліскен, заманауи техникамен жаб­дықталған ғимарат әлдеқашан салынуы керек еді. «Ештен кеш жақсы» деген, ғимаратқа қол жетсе, бұл – кітапқа көрсетілген құрмет деп сезінер едік. – Нұргүл Тұманбайқызы, мамандығыңызды шын сүйе­тін­дігіңізді 40 жылға таяған еңбек өтіліңізден де, кітапханаға қатысты мәселелерді айта біл­ген жанашырлығыңыздан да байқап отырмыз. Сізді мерекемен құттықтап, сұхбатыңыз үшін рахмет айтамыз.  Әңгімелескен Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».  Маңғыстау облысы.