АСТАНА. 11 наурыз. Тунистің Бен-Гердан қаласында арнайы жасақ 50-ге жуық содырдың көзін жойды. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Осыдан бірнеше күн бұрын, яғни 7 наурызда мемлекеттің Ливиямен шекаралас аймағындағы Бен-Гердан қаласында лаңкестер бақылау бекеттеріне шабуыл жасаған. Бүгінге дейін экстремистік ұйым мен үкімет әскері арасында қақтығыс болып жатыр. Алдын ала болжам бойынша, 7 бейбіт тұрғын және 13 сарбаз қаза тапты. Сондай-ақ, 17 адам түрлі деңгейде жарақат алды.
Қазіргі кезде аймақта комендаттық сағат жарияланып, Тунистің оңтүстігіндегі шекаралық бақылау бекеттері жабылды.
Айта кетейік, Тунис саяхатшылар арасында үлкен сұранысқа ие елдердің бірі болатын. Алайда, лаңкестік әрекеттердің жиі болуы мемлекеттің туриндустрисына кері әсерін тигізді. Еуропадан келетін саяхатшылардың саны күрт азайды. Өткен жылдың 18 наурыз күні ел астанасындағы ұлттық мұражайға баса-көктеп кірген лаңкестердің әрекетінен 20 адам қаза тапты. Ал 26 маусымда Riu Imperial Marhaba қонақ үйінің алдында жасалған шабуылдан 38 саяхатшы мерт болып, 40-тан астамы түрлі жарақат алды. Осыған байланысты жүздеген қонақ үй жабылды.
Аян Әбдуәли.
Дерек: ТАСС.
Сурет: gordonua.com.

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше