АСТАНА. 11 наурыз. Мексикада табиғаттың тосын мінезінен тұрғын үйлер жарықсыз қалды. Бұл туралы 24.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Телеарнаның хабарлауынша, Мексикадағы ұйытқып соққан дауыл мен толассыз жауған қар аралас жаңбыр салдарынан бір адам қаза тауып, 16 тұрғын дене жарақатын алған. Сондай-ақ, электр желілері үзіліп, 3,5 миллион тұрғын үй жарықсыз қалған.
Жергілікті ұлттық азаматтық қорғаныс күштерінің дерегіне сүйенсек, сағатына 70 шақырым жылдамдықпен соққан дүлей дауыл 1700 үйді қиратқан. Сонымен қатар, мыңға жуық талды тамырымен жұлып, жүздеген жарнама тақталарын құлатып кеткен. Елдің астанасы мен өзге де бірнеше штаттарда мектеп жұмысы уақытша тоқтатылды.
Айта кетейік, Мексикада зардап шеккен аудандарға көмек беру үшін 2 мың техника мен 7,5 мыңға жуық адам жұмылдырылған.
Талғат Райымбек.
Дерек, сурет: 24.kz.
• 11 Наурыз, 2016
Мексикада қар аралас жауыннан тұрғын үйлер жарықсыз қалды

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше