Кеше Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Марат Сәрсембаев 2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарының сайлауына халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеудің барысы туралы брифинг өткізді.
М.Сәрсембаев БАҚ өкілдерін осы жылғы 11 наурыздағы жағдай бойынша Ортсайлауком Сыртқы істер министрлігінің ұсынуымен халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің 454 байқаушысын аккредиттегені жөнінде хабардар етті. «Олардың ішінде ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның 44 байқаушысы, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясынан 75 байқаушы, ТМД миссиясынан 293 байқаушы, Шанхай ынтымақтастығы ұйымынан 9 байқаушы, Ислам ынтымақтастығы ұйымынан – 3, Түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясынан – 7 және 10 шет мемлекеттен 23 байқаушы бар», – деді ол осы жөнінде.
ОСК мүшесінің айтуынша, бұдан басқа Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі 28 мемлекеттен шетелдік БАҚ-тардың 117 өкілін аккредиттеген. Олардың ішінде «Austrian Press Agency», «Франс-Пресс», «Синьхуа», «ТАСС» «Томсон-Рейтер», «European Pressphoto» ақпараттық агенттіктерінің, сондай-ақ, «The Financial Times», «The Guardian», «Российская газета» газеттерінің және басқа БАҚ-тардың өкілдері бар екен. Қазіргі уақытта әлемнің 51 елінен 571 халықаралық байқаушы мен шетелдік бұқарлық ақпарат құралдарының өкілі аккредиттеліпті.
Еліміздің сайлау заңнамасының 20-2-бабына сәйкес халықаралық байқаушылар мен Сыртқы істер министрлігі аккредиттеген журналистер сайлау үдерісінің барлық кезеңдеріне қатысуға, сайлау комиссияларында сайлау науқанының барысы туралы ақпарат алуға, дауыс беруді өткізу және дауыстарды санау кезінде сайлау учаскелеріне кіруге, сайлау үдерісіне қатысушылармен кездесуге, өздерінің байқағандары, анықталған заң бұзушылықтар жөнінде сайлау комиссияларының мүшелерін хабардар етуге, ұсынымдар енгізуге және жария мәлімдемелер жасауға құқылы.
Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ,
«Егемен Қазақстан».

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше