өзінің барлық жүлделерін аукционға шығарып сатпақшы
Көзі тірісінде-ақ аты аңызға айналған бразилиялық «футбол королі» Пеле өзінің жиған-терген барлық алтын медальдарын аукционға шығарып сатуға шешім қабылдады. Жасы 75-тегі спорт ардагері сол саудадан түскен ақшаны Куритиба балалар ауруханасына аударғысы келетінін де мәлімдеп отыр.
Пеле аталған аукционға өзінің екі мыңнан астам жеке мүкәмалдарын шығармақшы. Олардың арасында Бразилия штаттары чемпионаттарынан бастап, жаһандық жарыстарға дейінгі бәсекелерде алған медальдары мен жүлделері бар. Бұлардың ең сүбелілері қатарына әлемнің 1958, 1962 және 1970 жылдардағы чемпионаттарында жеңіп алған алтын медальдары мен ең соңғы жолғысында берілген Жюль Римэ жүлдесінің көшірмесі жатады. Бұдан 46 жыл бұрын Бразилия құрамасы Мексикада өткен мундиалда үшінші мәрте чемпион атанғанда, сом алтыннан құйылған бас кубок – Жюль Римэ жүлдесі командаға мәңгіге сақтауға табыс етілген еді. Рас, ол 1983 жылы ұрланып кетіп, сол бойы табылмаған. Оның балқытылып тасталғаны да кейін белгілі болды.
Бұдан басқа, лотта Пеленің жасөспірім шағында шұлықтардан құрастырылып жасап ойнаған добы да тұрады.
– Мен жанкүйерлер мен коллекционерлерді өз тарихымның бір бөлшегі болуға шақырып отырмын, – деп түсіндірді бұл шешімін әлемнің үш дүркін чемпионы. – Мен олардың осы артефактарды қастерлеп, өткен өмір жолым жайлы ойларын балаларына айтып береді деген үміттемін.
Қазір «футбол королі» ұсынатын Жюль Римэ жүлдесінің көшірмесі 400 мың доллардан 1 миллион долларға дейін барады деген болжам айтылуда. Сол сияқты үш әлем чемпионатының алтын медальдары 200 мыңға дейінгі бағамен сатылады. Ал футболшылық мансабындағы 1000-шы голы соғылған доп 40-60 мың долларға сатылуға тиіс.
Тіршілікте «Эдсон Арантис ду Насименту» деген аты бар Пеленің бұл аукционы биылғы жылғы 7-9 маусым күндері Лондонда өтеді.
Руслан ИГІЛІК.

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше