12 Наурыз, 2016

Қала құрылысына қатысты жаңалықтар

232 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Ұлттық экономика министрлігі Барлық деңгейдегі қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу қағидаларын бекітті. 2015 жылғы қазан айында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толық­тырулар енгізу туралы» Қа­зақстан Республикасының Заңы қабылданған болатын. Осы заңның шеңберінде қала құрылысы сараптамасын өткізу үдерісі реттелді. Барлық деңгейдегі қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу қағидалары бекітілді. Қала құрылысы және құрылыс жобалары (техникалық-экономикалық негiздемелер және жобалау-сметалық құжаттамалар) бойынша сараптама қорытындыларын ресiмдеу қағидаларын және сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құру және кешендi ведомстводан тыс сараптамаға және қала құрылысы сараптамасына қатысу үшiн мамандарды (мамандандырылған институт­тар мен ұйымдарды) тарту қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Ол қағиданың мақсаты жобаларды кешенді қала құрылысы сараптамасынан өткізу үдерісін реттеу, жоба­ларды кешенді қала құрылысы сараптамасынан өткізу кезінде, сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құру үдерісін реттеу, кешенді қала құрылысы сараптамалық қорытындыларын ресімдеу тәртібін белгілеу болып табылады. Қағидалар бойынша бар­лық деңгейдегі қала құры­лысы жобаларын қала құрылысы сараптамасынан өт­кізу үдерісі реттеледі,  қала құрылысы сараптамасынан өткізуге жататын міндетті қала құрылысы жобалары, қала құрылысы сараптамасын жүргізу бойынша, сараптама комиссиясын (сараптама топтары) құру тәртібі және сарап­тамалардың қоры­тын­дыларын ресімдеу тәртібі анықталады. «Қазіргі таңда, қағидалар қолданысқа енгізілді, Ұлт­тық экономика министр­лігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті Қағидаларға сәйкес құрылған сараптама комиссияларымен қала құрылысы жобаларына қала құры­лысы сараптамалары жүргізілді: Қызылорда об­лысы Байқоңыр қаласының бас жоспары, Алматы агло­мерациясының аумағын дамыту өңіраралық схемасы. Ақтөбе облысы Ақтөбе қала­сының бас жоспары сараптама комиссиясының қарауында», деді ҚР ҰЭМ Құрылыс, тұрғын үй-комму­налдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің сәулет, қала құрылысы және қала құ­рылыс кадастры басқа­р­­масы­ның басшысы Тәңір­берген Дәркенбаев.  «Егемен-ақпарат».