12 Наурыз, 2016

Өңірдегі оң өзгерістер сарапталды

282 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
эмблема 100 нақты қадам-цвТалдықорғанда «Стратегия kz» қоғамдық гуманитарлық қорының ұйымдастыруымен «Аймақтық дамудың артықшылықтары: жаңа міндеттер мен бағыттар» деген тақырыпта аймақтық сарапшылар форумы болып өтті. Оған еліміздегі жетекші сарапшылар, саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері қатысты. Форумды Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының Алматы қала­сындағы өкілдігінің басшысы Мәдина Нұр­ғалиева ашып, жүргізіп отырды. Дөңгелек үстел басында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының, облыстық экономика және бюджетті жос­парлау басқармасының, облыстық туризм басқармасының қызметкерлері есепті баян­дамалар жасады. Аграрлы облыс болғандықтан, ауыл шаруашылығы саласы жақсы дамып келе жатқандығы нақты фак­тілер келтіріле айтылды. Басты ұстаным – инвестиция тарту арқылы мал тұқымын асылдандыруға назар аудару. Өңірде қант қызылшасын өсіруге ерекше екпін беріліп, тәтті түбір өсіруге мемлекет та­рапынан мил­­лиондап қаражат бөлі­ніп отырғаны да атап көрсетілді. Көк­өніс өсіру жайына келсек, жылына Же­тісу жеріне Қытайдан 20 мың тоннадан астам алма тасылып, саудаланады екен. Осы проблемадан шығу­дың бір жо­лы Еңбекшіқазақ, Ұйғыр аудандарында ин­тенсивті бақтар аумағын ке­ңейту қа­жет­тілігі сарапшылар тарапынан тәптіштелді. Өңірде кәсіпкерлікті дамыту арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу зауыттарын көбейту, табиғат-ана­ның теңдессіз сыйын тиімді пайдаланып, туризмді өркендету секілді өмір­лік қажеттіліктерді өтеу арқылы кіріс көзін ашу тұрғысында Ұлттық зерттеулер институтының директоры Бөріхан Нұрмұхамедов, «Альтернатива» өзек­ті зерттеулер орталығының директоры Ан­д­рей Чеботарев, «Еуразия әлемі» қоғамдық қорының басшысы Эдуард Полетаев өзіндік ой-пікірлерін ортаға салды. Тұтастай алғанда, сарапшылар Алматы облысында атқарылып жатқан жұмыстарға разылықтарын білдірді. Өңірдегі тың қа­дамдарды сараптап, өзге облыстар көрсеткіштерімен салыстыра мемлекеттік саясатқа сай атқарылып жатқандығын құп­тады. Алға басу қадамдары дегенде, былтырғы жылы туризм саласын дамытуда әлемдегі 140 мемлекеттің арасынан 85-орынға көтерілгенін халықаралық сарапшылар анықтап бергенін баса айтуға болады. Алматы облысының даму көрсеткіш­терін талқылау барысында сарапшылар институттық реформалар шеңберінде аймақтың даму басымдықтарымен қатар, жаңа жолдарын да қарастырды. Сонымен қатар, пікірсайысқа қатысушылар алдағы мәслихат сайлауының мәні мен маңызына тоқталды. Олардың айтуынша, бұл ай­мақтың өзекті мәселелерін шешу ел аза­маттарының белсенділігін арттырып, жер­гілікті өзін өзі басқару жүйесін одан әрі дамыта түсуге жол ашады. Қорыта айтқанда, форумға қатысу­шылар мұндай пікірсайыстар Ұлт Жос­парын жүзеге асырудың тәжірибелік мә­селелерін шешудің тиімділігі, алдағы уа­қытта мемлекеттік реформаларды тал­дауға қатысты іс-қимылдарға дайын екен­дігі туралы пікірлерімен бөлісті. Нұрбол ӘЛДІБАЕВ, «Егемен Қазақстан».  ТАЛДЫҚОРҒАН.