12 Наурыз, 2016

Байқаушылар қатары тағы 110 шетелдікпен толықты

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ЦИККеше Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті. Онда «2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына және мәслихаттары депутат­тарының кезекті сайлауына халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу туралы» қаулы қабыл­данды. ОСК мүшесі Татьяна Ох­лопкова осы құжатқа сәйкес Ортсайлауком Қазақстан Рес­публикасы Сыртқы істер ми­нистрлігінің ұсынуы бойынша сайлауды байқау жөнінде­гі екі миссиядан және бір ха­лық­аралық ұйымнан тағы 110 байқаушыны аккредиттегенін мәлім етті. «Олардың ішінде 34 байқаушы – ТМД байқаушылар миссиясынан, 1 байқаушы – ШЫҰ миссиясынан және 75 байқаушы ЕҚЫҰ-ның Парламенттік Ассамблеясынан, – деді Т.Охлопкова. – Шет мем­лекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеуді Ортсайлауком 2016 жылғы 14 наурызға дейін жүзеге асырады». Комиссия отырысында, сондай-ақ, Қазақстан Рес­пуб­­ликасы Сыртқы істер ми­нистрлігінің 2016 жылғы 10 наурыздағы №11/755 ұсы­нымының негізінде Қа­зақ­стан Республикасы Орталық сай­лау комиссиясы Игорь Ни­колаевич Морозовты Тә­уелсіз Мемлекеттер Дос­тас­­­тығынан байқаушылар мис­сиясының байқаушысы ретінде аккредиттеудің күшін жойды және оны Шанхай ынтымақтастық ұйымынан байқаушылар миссиясы­ның байқаушысы ретінде ак­кредиттеді. Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан».
Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20