12 Наурыз, 2016

Аралық кезең қорытындыланды

494 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
4Көкшетау қаласында «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттар партиясы облыстық филиалының төрағасы, аймақтық қоғамдық штабының жетекшісі Әбілжан Хұсайыновтың төрағалығымен штаб отырысы өтті. «Ауыл» ХДПП атынан Парламент Мәжілісінің депутаттығынан үміткер Талғат Зейнуллин, облыстық филиал саяси кеңесінің, жастар қанатының мүшелері, партия белсенділері қатысқан шарада үгіт-насихат науқанының аралық кезеңі қорытындыланды. Ә.Хұсайыновтың мәлімдеуінше, үгіт-на­сихат кезеңі басталған күннен бері республикалық және аймақтық штаб­тың белсенділері 80-нен астам іс-ша­ра ұйымдастырған. Парламент Мәжі­лісінің депутаттығынан үміткер ретін­де тіркелген азаматтар еліміздің бар­лық өңірлерінде болып, халықпен, ең­бек ұжымдарымен кездесулер ұйым­дастыруда. Партияның барлық үгіт материал­дары дер кезінде дайындалып, облыс­тық штабтарға жеткізілді. Партия билбор­ды еліміздің барлық өңірлерінде орна­тылған. Сайлауалды насихаттық бейне­ро­ликтер республикалық арналардан көрсетілуде. Сонымен қатар, халық­ты партияның сайлауалды бағдар­ламасымен таныстыру шаралары үздіксіз жүргізілуде. – «Ауыл» партиясының өңірлік шта­бы жұмысын ширата түсуде. Біздің сайлауалды жұмыстарымыз рес­пуб­ликалық орталық штаб бекіткен кесте бойынша жүргізілуде. Аймақтық сайлау комиссиялары біздің партияның 5 мү­шесін аудандық мәслихаттың депутат­тығынан үміткер ретінде тіркеді. «Сайлау туралы» Заң талаптарына сай тіркеу­ден өткен 90 сенім білдірілген адам бел­сенді жұмыстар атқаруда. Күн демей, түн демей, мереке күндеріне қарамас­тан, үгіт-насихат шаралары бір сәтке де тоқтаған емес. Саяси, тәрбиелік маңыз­дағы бірталай шаралар жүзеге асырылды. Енді бүгін жүріп өткен жолымызды бір шолып, алдағы міндеттерді жаңаша қарқынмен жүргізуді нақтылап алмақпыз», – деді «Ауыл» ХДПП Ақмо­ла об­лысы бойынша сайлауалды шта­бы­ның үйлестірушісі Гүлмира Құсайы­нова. Аймақтық штаб белсенділерінің ай­туынша, халықтың депутаттықтан үміт­­керлерімен кездесуі кезінде көп қойы­латын сұрақтар қатарына жұмыс­пен қамту, коммуналдық төлемдер тарифі, білім беру, денсаулық сақтау салаларының қолжетімділігі, ауыл шаруашылығын дамыту тақырыптарын қосуға болады. Бұл мәселелердің бар­лы­ғы партияның сайлауалды бағдар­лама­сында көрініс тапқан. Сонымен қатар, әрбір үгіт-насихат тобының баратын жері, уақыты, бағыты бүгінгі күні нақ­ты­­лан­ған, әрбір шараның бағдарла­масы бекітіл­ген және жергілікті штаб жұ­мы­сын күшей­ту бағытында ұсыныстар әзірленген. Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан». Ақмола облысы.