12 Наурыз, 2016

Қоғам қолдаған акция

326 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
0001-234Кеше Президент жанындағы Орталық коммуникация­лар қызметiнде осы жылдың 5 ақпанында басталған ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «25 жыл: Бір Ел. Бір Тағдыр» атты патриоттық интернет-акцияның барысы туралы брифинг өтті. Брифингте еl.kz отандық әлеу­меттiк желiсiнiң қызметкерi Айгүл Шерниязова аталған акцияның қоғам тарапынан қолдау тауып отырғанын айта келіп, шара барысында белсенділік танытып жатқан аймақтарды атап өтті. «Қазіргі таңда 25.el.kz сервисi арқылы 103 мыңнан астам аватар (интернет пайдаланушының графикалық ұсынысы немесе суреті) безендiрiлдi. Акциямыздың географиялық ауқымы күн санап артып келедi. Шараға АҚШ, Қытай, Нидерланд, Франция, Қырғызстан секiлдi елдердегi қандастарымыз да белсене қатысуда. Ал еліміздегі қалалар бойынша Астана мен Алматы шаһарлары көш бастап келедi. Безендiрiлген аватарлардың 38 пайызы осы екі қалаға тиесiлi. Белсендiлiк жөнiнен келесi кезекте Оңтүстiк Қазақстан, Қарағанды және Алматы облыстары тұр. Үздiк ондық қатарында Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстары бар», – дедi А.Шерниязова. Сондай-ақ, спикер аватар бе­зен­дiру акциясына қатысқан азамат­тардың 50 пайыздан астамы 18-24 жас аралығындағылар екенін жеткізді. «Тәуелсiздiктiң 25 жылдығына орай iске қосылған аватар безен­дiру акциясына 18-35 жас ара­лы­ғындағы жастар белсендi қатысып отыр. Аға буын өкiлдерi де жаңа трендтi жақсы қабылдауда. Мәселен, қазiргi таңда акцияның 17 пайыздан астам қатысушысы 35 жастан асқан азаматтар. Ал жал­пы аватарларын безендiрген аза­маттардың тең жартысынан көбі, яғни 50 пайыздан астамы 18-24 жас аралығындағы азаматтар. Бiр қы­зығы, әйелдер қауымы ер адам­дарға қарағанда, аватарларын екi есе көбiрек безендiредi екен. Яғ­ни, пай­даланушылардың 68 пайызы нәзiк жандылар», – дедi ол. Сонымен қатар, А.Шерниязова қолданушылар өз аватарларын ұялы телефон арқылы сайтқа кiрiп бе­зендiретінін айта келіп, 25.el.kz сервисiнде 16 түрлi патриот­тық нақыштағы логотип орналас­ты­рылға­нын, қолданушы өз қалауы бойын­ша олардың кез келгенiн таңдап, өз аватарын безендiре алатынын жеткізді. Айта кетейік, биылғы 5 ақпанда ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына ар­налған «25 жыл: Бір Ел. Бір Тағ­дыр» атты патриоттық интернет-акция басталған болатын. Қазір аталған акция жалпыхалықтық деңгейге жетті деп айтуға толық не­гіз бар. Бүгінге дейін әлеуметтік желі­лердің 100 мыңнан астам қолда­ну­шысы 25.el.kz әлеуметтік серви­сінің көмегімен өз аватар­ларын мерекелік символмен безен­діріп үлгерген. Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан». Астана.