12 Наурыз, 2016

АҚШ-қа сапар жалғасуда

252 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Гүлшара ӘбдіқалықҚазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың Америка Құрама Штаттарына жұмыс сапары жалғасуда, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Сапар аясында Г.Әбдіқалықова Вашингтонда АҚШ-тың ресми адам­дарымен, бизнес топтар және са­рапшылар қоғамдастығы өкіл­дерімен бірқатар кездесу өткізді. Мемлекеттік хатшы АҚШ-тың Азаматтық қауіпсіздік, демократия және адам құқықтары жөніндегі мәселелер жөніндегі мемлекеттік хатшысының орынбасары С.Сьюэл­­лмен кездесуде екіжақты және көп­­қырлы ынтымақтастық мәсе­ле­лерін талқылады. Г.Әб­діқалы­қова АҚШ тарапын Бес инсти­туттық реформаны жүзеге асы­руға бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының негізгі ере­же­лерімен таныстырды. Сол күні Мемлекеттік хатшы АҚШ-тың жетекші ғылыми-зерттеу институттарының бірі – Вудро Вильсон атындағы Халық­аралық ғылыми орталығында сөй­леген сөзінде Қазақстандағы жалпыұлттық бірлікті, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайту, сондай-ақ, «Болашақ» бағдарламасы аясында шетелде қазақстандық мамандарды даярлау мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқталды. Америкалық 100-ден астам сарапшы, академиялық және қоғамдық топтар өкілдері, сондай-ақ, Вашингтон университеттерінің студенттері қатысқан іс-шара барысында Г.Әбдіқалықова қаты­су­шылардың көптеген сауал­дарына жауап берді және Қазақ­стан Үкіметінің әйелдердің эконо­микалық және саяси мүмкіндіктерін кеңейту ісіне жұмсап отырған күш-жігері туралы айтты. Бұдан бөлек, Г.Әбдіқалықова «Жанды дауыстар» «жаһандық әріп­тестігі» халықаралық ұйы­мының гала-қабылдауы бары­сында ұйымның Президенті Э.Нель­сонмен кездесті, сондай-ақ, құр­метті «Жаһандық көш­бас­шы­лық үшін марапат» сыйлы­ғы­ның жеңімпаздарын марапаттау рә­сіміне қатысты. Ұйым 1997 жылы АҚШ Мем­лекеттік департаментінің, АҚШ-тың бірінші ханымы Хиллари Клин­­тон мен АҚШ Мемлекеттік хат­шысы Мадлен Олбрайттың баста­масымен Бейжіңде өткен БҰҰ-ның 4-ші Дүниежүзілік әйелдер конференциясының қорытындысы бойынша «Демократиялық бас­тамалар» Vital Voices» негізінде құ­рылған. Ұйымның миссия­сы – бүкіл әлем бойынша ең бедел­ді әйелдерді анықтау және көш­бас­шылық әлеуетін инвестиция­лау арқылы оларды жаһандық үдеріс­тердің ұйытқысына айналдыру. АҚШ-тың іскер топтар өкіл­дері алдында сөйлеген сөзінде Мемлекеттік хатшы экономиканың жаңа, заманауи салаларына қол­дау көрсетудегі ниетімізді және эко­номикамыздың басты сектор­ларына инвестиция салу арқы­лы Қазақстанның тұрақты экономи­калық дамуына атсалысуға шақы­ратынын атап өтті. Мемлекеттік хатшы «Болашақ» бағдарламасының стипендиант-студенттерімен кездесуі барысында мемлекетіміздегі құрылымдық реформалардың барысына, жұ­мыс­пен қамту арқылы жастарды қол­дау шараларына, лайықты білім беру, тұрғын үймен қамтамасыз ету, іскерлік белсенділікті дамыту мә­селелеріне тоқталды.