Кеше Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің жанындағы Сарапшылық кеңесінің отырысы болды. Онда Сарапшылық кеңесінің 2010 жылдағы жұмысының негізгі қорытындылары қаралды және 2011 жылғы отырыстары мен зерттеу бағыттары нақтыланды.
Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Марат Тәжин Сарапшылық кеңесінің қолдауымен жүзеге асырылған бірқатар зерттеу жобаларын атап өтті. Ведомствоаралық комиссия қызметіне байланысты бірқатар мәселелер де қарастырылып, олар Қауіпсіздік Кеңесінің отырыстарында талқыланатын болды.
Үстіміздегі жылы Сарапшылық кеңесі өңірлік қауіпсіздікке қатысты өзекті мәселелерді қарастырады. Оның ішінде су қауіпсіздігі проблемалары және құқықтық жүйені дамыту мәселелері бар.
«Егемен-ақпарат».