Ауылда бәрі, ауылда,
Ағайын, туыс, бауыр да.
Төзімі берік жұрт сонда,
Кеудесін тосқан дауылға.
Түрілген ерте түңлігі,
Қоңырқай шаруа тірлігі.
Атажұрт, арда ерлердің,
Кесілген мұнда кіндігі.
Қайсарлық тұнған қанында,
Тектілік соққан тамырда.
Ауылды қолдап, дауыс бер,
Қараша жұртым, қауымға.
Ауылда туған намысты ер,
Президент, ғалым, ғарышкер.
Шаруаның қамын күйттесең,
Ауылды қолдап дауыс бер.
Бәсеке, талас, нарықтар,
Нарықта баға шарықтар.
Ауылды қолдап дауыс бер,
Ауылдан шыққан алыптар!
Шаңырақ, уық, басқұрың,
Ауылда салтың-дәстүрің.
Шаруаны ойлап дауыс бер,
Қамбаға құйған астығын.
Төрт түлік малын өсірген,
Жаз жайлауға көшірген.
Ертеңің жарқын болады,
Шықпаса ауыл есіңнен.
Алмаған оттан қазанын,
Ауылда бүгін ғазал үн.
Қарға тамыр дауыс бер,
Ауылдың ойлап ажарын.
Жұмыссыз, ойсыз жүргенше,
Көтерсін жастар бірге еңсе.
Отаным көктер әуелі,
Ауылым өсіп, гүлденсе!
Ауылды шын ер қолдайды,
Ауылды шын ер қорғайды.
Ауылың мұңлы боп тұрса,
Отаның нұрлы болмайды.
Ауылда бәрі, ауылда,
Мал-жаның, бақша, бауың да.
Ауылға жаның ашыса,
Тезірек шешім қабылда!
Ауылда әжең, аташың,
Алуға асық батасын.
Ауылға дауыс берумен,
Биліктің көтер, сапасын!
Айтақын БҰЛҒАҚОВ.
Ауылда бәрі, ауылда,
Ағайын, туыс, бауыр да.
Төзімі берік жұрт сонда,
Кеудесін тосқан дауылға.
Түрілген ерте түңлігі,
Қоңырқай шаруа тірлігі.
Атажұрт, арда ерлердің,
Кесілген мұнда кіндігі.
Қайсарлық тұнған қанында,
Тектілік соққан тамырда.
Ауылды қолдап, дауыс бер,
Қараша жұртым, қауымға.
Ауылда туған намысты ер,
Президент, ғалым, ғарышкер.
Шаруаның қамын күйттесең,
Ауылды қолдап дауыс бер.
Бәсеке, талас, нарықтар,
Нарықта баға шарықтар.
Ауылды қолдап дауыс бер,
Ауылдан шыққан алыптар!
Шаңырақ, уық, басқұрың,
Ауылда салтың-дәстүрің.
Шаруаны ойлап дауыс бер,
Қамбаға құйған астығын.
Төрт түлік малын өсірген,
Жаз жайлауға көшірген.
Ертеңің жарқын болады,
Шықпаса ауыл есіңнен.
Алмаған оттан қазанын,
Ауылда бүгін ғазал үн.
Қарға тамыр дауыс бер,
Ауылдың ойлап ажарын.
Жұмыссыз, ойсыз жүргенше,
Көтерсін жастар бірге еңсе.
Отаным көктер әуелі,
Ауылым өсіп, гүлденсе!
Ауылды шын ер қолдайды,
Ауылды шын ер қорғайды.
Ауылың мұңлы боп тұрса,
Отаның нұрлы болмайды.
Ауылда бәрі, ауылда,
Мал-жаның, бақша, бауың да.
Ауылға жаның ашыса,
Тезірек шешім қабылда!
Ауылда әжең, аташың,
Алуға асық батасын.
Ауылға дауыс берумен,
Биліктің көтер, сапасын!
Айтақын БҰЛҒАҚОВ.
Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше