11 Қаңтар, 2011

Заң жобаларының дайындығы қаралды

320 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Парламент Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұ­хамед­жановтың жетекшілігімен палата бюросының кезекті отырысы өтті. Онда Мәжілістің жалпы отырысына шығарылатын мәселелер сараланды. Бюро отырысында де­пу­тат­тық корпустың жаңа жыл­дағы заң шығарушылық қызметіне қатысты мәсе­ле­лер қаралды. Сәрсенбі күні өтетін Мә­жілістің жалпы отырысында депутаттардың талқысына «1997 жылғы Ядролық залал үшін азаматтық жауапкершілік туралы Вена конвен­ция­сын ратификациялау туралы (1997 жылғы 12 қыр­күйек­тегі Хаттамамен енгізілген түзетулер мен 1963 жылғы 21 мамырдағы Ядролық залал үшін азаматтық жауапкершілік туралы Вена конвен­ция­сының жиынтық мәтіні)» заң жобасы ұсынылатын болды. Бұл жөнінде палатаның Ха­лық­аралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мәліметі тыңдалды. «Егемен-ақпарат».