АСТАНА. 12 наурыз. Бүгін футболдан Қазақстан премьер-лигасының жаңа – 25 маусымы басталды. Алғашқы күні бірінші турдың үш ойыны ойналды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
«Тараз» (Тараз) – «Қайрат» (Алматы) 2:1
Голдар: Игорь Зенькович 65, Тарас Данилюк 87 – Виталий Ли 89.
Осыдан бірнеше күн бұрын Қазақстан Суперкубогын жеңіп алған «Қайрат» командасы сырт алаңда өткен ішкі біріншіліктің алғашқы ойынында жеңіліп қалды. Алаң иелерінің сапынан Игорь Зенькович пен Тарас Данилюк бір-бір голдан соқса, «Қайрат» командасынан Виталий Ли жалғыз доптың иесі атанды. Александр Бородюктің премьер-лигадағы алғашқы ойыны жеңіліспен аяқталды. Келесі турда «Қайрат» командасы сырт алаңда Көкшетаудың «Оқжетпес» командасына қарсы ойнайды.
«Жетісу» (Талдықорған) – «Атырау» (Атырау) 1:1
Голдар: Бауыржан Тұрысбек 61 – Ұлан Қонысбаев 19.
«Астана» (Астана) – «Шахтер» (Қарағанды) 2:1
Голдар: Джордже Деспотович 47, Таңат Нөсербаев 65 – Корнелис Уббинк 8.
Айта кетейік, ертең бірінші турдың қалған ойындары ойналатын болады. Ол ойындарда мына командалар кездеседі:
«Ордабасы» (Шымкент) – «Ақтөбе» (Ақтөбе)
«Ертіс» (Павлодар) – «Оқжетпес» (Көкшетау)
«Тобыл» (Қостанай) – «Ақжайық» (Орал).
Аян Әбдуәли.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: vk.com.

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше