АЛМАТЫ. 13 наурыз. Алматы қаласының тұрғындары биыл да жиналып, алма және басқа да ағаш көшеттерін отырғызуды жалғастыратын болды. Бастамашы топтың «Alma Qala» акциясын ұйымдастырғанына үш жылдан асты. Бұл туралы Қазақстан баспасөз клубына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Осындай бастамаға орай, Алматыдағы Қазақстан баспасөз клубында баспасөз мәслихаты өтіп, акцияның жай-жапсары баяндалды.
Акцияның нәтижесі де жаман емес. Мәселен, осы іс қолға алынған 2014 жылы акцияға 5 мыңдай адам қатысып, 9500 ағаш көшетін отырғызған болатын. Ал өткен жылы 15 мың түп дарақ отырғызылды.
Бұл бастаманың жақсы бір жері, қаланың әрбір тұрғыны осы іске үлесін қоса алады. Ағаш отырғызуды қалаған жандар жағдайына қарай, бір түп көшет сатып алып, өзі отырғызса да болады.
Ағаш көшетін қаланың кез келген базарынан, арнайы өсімдік-ағаш дүкендерінен немесе тәлім бақтардан алуға болады. Ал акция ұйымдастыру комитеті бірқатар тәлім бақпен келісімге келген – олар акция науқанында көшеттерді төмен бағамен сататын болады.
Ал енді ағашты да көрінген жерге отырғыза салуға болмайтыны белгілі. Сондықтан бастамашы топ көшетті аулада отырғызарда көршілерімен, баласы оқитын мектепте мұғалімдерімен, кеңсе маңында басшылармен ақылдасып алуға кеңес береді.
Сонымен «Алма-Qala-16» акциясы 2016 жылдың 12 наурызынан басталып, 24 сәуірге дейін созылады. Іс шара жалпы Алматы қаласы бойынша өтеді.
Өткен жылы аталған акцияны Астана, Шымкент, Көкшетау қаласының тұрғындары қолдаған болатын. Бұл бастамаға қазір «Парыз» қоғамдық қайырымдылық қоры мен «Я-Алматинец» қоғамдық қозғалысы және Сергей Терещенко сияқты кәсіпкер, белгілі қоғам қайраткері қолдау көрсетуде.
Айнаш Есали.
Дерек, сурет: Қазақстан баспасөз клубы.

Жоғары айлық байлықтың көрсетшікі ме?
Қаржы • Бүгін, 22:20
Келер жылы тұрғын үй бағасы қандай болады?
Қоғам • Бүгін, 21:55
Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорданың ескі автовокзалына қатысты қауесеттерге жауап берді
Қоғам • Бүгін, 21:38
Қызылорда әуежайы вьетнамдық компанияның басқаруына берілмейді
Қоғам • Бүгін, 21:19
Қызылорда облысының әкімі желідегі тапсырыспен қойылған лайк пен пікірлер туралы айтты
Аймақтар • Бүгін, 20:55
Дәрігерлер тапшылығы 19 пайызға, орта буын медицина қызметкерлері 7 пайызға азайды
Медицина • Бүгін, 20:27
Жекпе-жек айтыстың финалы: алтын қамшы мен автокөлік иесі кім?
Айтыс • Бүгін, 20:16
Ұлттық құрылтай: іргелі бастамалардың нақты нәтижесі
Құрылтай • Бүгін, 19:59
Алматыда «Уақыт жаңғырығы» атты көрме ашылды
Мәдениет • Бүгін, 19:43
Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Президентімен кездесті
Президент • Бүгін, 19:19
«Беске дейін үлгер»: Қазақстанда ата-аналарды цифрлық қолдаудың тиімділігі бағаланды
Қоғам • Бүгін, 19:17
Инфляцияның әсері: 2025 жылдың үшінші тоқсанында халықтың нақты табысы төмендеген
Қоғам • Бүгін, 18:54
Астанада екінші әуежай салына ма?
Елорда • Бүгін, 18:30
Индустриялық сертификат иелеріне жаңа талап енгізіледі
Экономика • Бүгін, 18:17
Астанадағы автотұрақтар толығымен қала меншігіне өтті
Елорда • Бүгін, 18:06