ҚАРАҒАНДЫ. 14 наурыз. Қарағанды облысында дайындалып жатқан терроризм актiсi туралы жалған хабарлама берген күдікті қолға түсті. Бұл туралы облыстық ішкі іштер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Күдікті Абай аудандық ішкі істер бөліміне телефон соғып, Алматыға кетіп бара жатқан бір ер адамның сөмкесінде жарылғыш зат бар деп хабарлаған. Полиция қызметкерлері секем тудырған жолаушыны Қарағандының темір жол вокзалында ұстады. Алайда тексеру барысында ер адамның сөмкесінен ешқандай да жарылғыш зат табылмады. Есесіне, вокзал ғимаратынан 245 адам сыртқа шығарылды.
Сол күні тәртіп сақшылары телефон арқылы жалған мәлімет берген күдіктіні қолға түсірді. Ол өзінің мас күйіндегі бұл әрекетіне әйеліне деген қызғаныштың түрткі болғанын айтып, ақталған.
Қазіргі кезде күдіктінің үстінен Қылмыстық кодекстің 273-бабы бойынша («Дайындалып жатқан терроризм актiсi туралы жалған хабарлама беру») қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Қайрат Әбілдинов.
Дерек: Қарағанды облыстық ішкі іштер департаментінің баспасөз қызметі.
Сурет: news.bigmir.net.
• 14 Наурыз, 2016
Қарағандыда жалған хабарлама берген күдікті ұсталды

Астанада жазушы-этнограф Төрехан Майбастың кітабы таныстырылды
Оқиға • Бүгін, 20:45
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Бүгін, 20:40
Президент су саласына қатысты халықаралық конвенция қабылдауды ұсынды
Президент • Бүгін, 20:28
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Бүгін, 20:16
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Бүгін, 20:03
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Бүгін, 19:55
Қарағанды облысында қуаты 500 МВт болатын жел электр станциясы салынады
Аймақтар • Бүгін, 19:20
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Бүгін, 18:50
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Бүгін, 18:40
Astana AI Film Festival: халықаралық байқауға өтінім қабылдау басталады
Мәдениет • Бүгін, 18:29
Кәсіпкер Бақытбек Дүзелбаев «Ақтөбе» клубын сатып алды
Футбол • Бүгін, 18:01
Қандай жағдайда жол ережесін бұзу «ұсақ бұзақылық» деп танылады?
Қоғам • Бүгін, 17:48
Ақсу қаласында зауыт маңынан әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:36
Ұландық үздік сарбаздар алғаш рет кіші сержант шенін алды
Әскер • Бүгін, 17:17
Астанада арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 16:59