ҚАРАҒАНДЫ. 14 наурыз. Жезқазған қаласында полицияның қызметтік автокөліктеріне оқ атқан күдікті қолға түсті. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Полиция қызметкерлері Жезқазған қаласында жалған құжаттармен жүргені үшін «ВАЗ-2106» автокөлігінің иесіне әкімшілік хаттама толтырып, машинаның өзін айып тұрағына жіберді. Осы кезде жүргізушінің танысы мәселені басқа жолмен ретке келтірмек болады. Алайда, бұл әрекетінен ешнәрсе шықпағаннан кейін күдікті екі сыбайласымен бірге қайтып келіп, полиция автокөліктеріне оқ жаудырған.
Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде күдіктілердің бәрі де қолға түсті. Тәртіп сақшыларына қарсы оқ атқан 25 жастағы күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалып, оның екі сыбайласы ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Қайрат Әбілдинов.
Дерек: Қарағанды облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Сурет: altyn-orda.kz.
• 14 Наурыз, 2016
Жезқазғанда полиция автокөлігіне оқ атқандар қолға түсті

Астанада жазушы-этнограф Төрехан Майбастың кітабы таныстырылды
Оқиға • Бүгін, 20:45
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Бүгін, 20:40
Президент су саласына қатысты халықаралық конвенция қабылдауды ұсынды
Президент • Бүгін, 20:28
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Бүгін, 20:16
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Бүгін, 20:03
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Бүгін, 19:55
Қарағанды облысында қуаты 500 МВт болатын жел электр станциясы салынады
Аймақтар • Бүгін, 19:20
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Бүгін, 18:50
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Бүгін, 18:40
Astana AI Film Festival: халықаралық байқауға өтінім қабылдау басталады
Мәдениет • Бүгін, 18:29
Кәсіпкер Бақытбек Дүзелбаев «Ақтөбе» клубын сатып алды
Футбол • Бүгін, 18:01
Қандай жағдайда жол ережесін бұзу «ұсақ бұзақылық» деп танылады?
Қоғам • Бүгін, 17:48
Ақсу қаласында зауыт маңынан әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:36
Ұландық үздік сарбаздар алғаш рет кіші сержант шенін алды
Әскер • Бүгін, 17:17
Астанада арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 16:59