Кеше Қарағанды қаласындағы «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймақтың аумағында Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов алғашқы қазақстандық патрон зауыты құрылысының басталуына арналған рәсімге қатысты. Бұл жоба Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының тапсырмасы бойынша әзірленді.
Ұлттық қауіпсіздіктің қажетті деңгейін қамтамасыз ету, қазақстандық өнімді арттыру, сондай-ақ, атыс қаруына арналған қолда бар патрондар қорының азайтылуын назарға ала отырып, Қазақстанның Қарулы Күштерінде анағұрлым сұранысқа ие 5,45*39 мм, 7,62*54 мм, 9*18 мм, 9*19 мм калибрлі патрондарды өндіру бойынша зауыт құру жоспарлануда.
Осы жоба шеңберінде «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағының аумағында ғимарат кешені мен патрон зауытының құрылысын жүргізу жоспарлануда. Арнайы экономикалық аймақтың аумағында барлық инженерлік коммуникациялар, авто және теміржол көлігі бар. Бұл орталықтандырылған түрде алаңнан тыс инженерлік магистральдарға ішкі алаңдық желілерді қосу, сондай-ақ, Қазақстанның кез келген өңіріне қару-жарақ қоймаларына автомобильді және теміржол көлігімен өнімді шығаруды жүзеге асыру мүмкіндігін береді. Құрылыстың жалпы ауданы 26 400 шаршы метрді құрайды. Құрылыс жұмыстарын аяқтау 2017 жылдың желтоқсан айына жоспарланған.
«Патрон зауыты ұзақ жылдар бойы ел ішінде шикізат пен материалдар тасымалдауға сұранысты тұрақты қамтамасыз етеді. Жез сияқты қорытпаның 300 тоннасын қолдану аймақтағы мамандандырылған кәсіпорынның жұмысын жандандырады. Арнайы экономикалық аймақ тәртібі жағдайында да қазақстандық патрон зауыты салық түрінде өңірдің бюджетіне жылына 680 млн. теңге қаржы түсціреді. Бұл біздің ең қарапайым болжам», – деп атап өтті «Казтехнологии» АҚ басқарма төрағасы Медер Маселов.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында атыс оқ-дәрілері шығарылмайтынын айта кетейік. Бұл ретте Қорғаныс министрлігінің мұқтаждығы үшін ағымдағы патрондардағы қажеттілік КСРО-ның құлдырауына дейін құрылған қорлар есебінен жабылады. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін оқ-дәрілермен қамтамасыз ету үшін қазақстандық шикізат пен материалдар пайдаланылады. Бұл жеткізуші елдерден тәуелсіз болуға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің оқ-дәрілермен қамтамасыз етілуі, жалпы алғанда, елдің және өңірдің әскери-саяси қауіпсіздігін арттырады.
Патрондарды өндіру бойынша жабдықты канадалық Waterbury Farrel компаниясы жеткізетін болады. Қазақстандық патрон зауыты өндіру қуаттылығы жылына 30 млн. дананы құрайтын патрондарды шығаруға арналған озық құрал-жабдықпен жабдықталады.
«Егемен-ақпарат».

Астанада жазушы-этнограф Төрехан Майбастың кітабы таныстырылды
Оқиға • Бүгін, 20:45
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Бүгін, 20:40
Президент су саласына қатысты халықаралық конвенция қабылдауды ұсынды
Президент • Бүгін, 20:28
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Бүгін, 20:16
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Бүгін, 20:03
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Бүгін, 19:55
Қарағанды облысында қуаты 500 МВт болатын жел электр станциясы салынады
Аймақтар • Бүгін, 19:20
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Бүгін, 18:50
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Бүгін, 18:40
Astana AI Film Festival: халықаралық байқауға өтінім қабылдау басталады
Мәдениет • Бүгін, 18:29
Кәсіпкер Бақытбек Дүзелбаев «Ақтөбе» клубын сатып алды
Футбол • Бүгін, 18:01
Қандай жағдайда жол ережесін бұзу «ұсақ бұзақылық» деп танылады?
Қоғам • Бүгін, 17:48
Ақсу қаласында зауыт маңынан әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:36
Ұландық үздік сарбаздар алғаш рет кіші сержант шенін алды
Әскер • Бүгін, 17:17
Астанада арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 16:59