Қарағанды қаласындағы Кеншілердің мәдениет сарайының алдында славян халықтарының дәстүрлі Масленица мерекесі сән-салтанатпен атап өтілді. Қар аралас жаңбыр жауып, күн райының күрт бұзылғанына қарамастан, қала тұрғындары көктемді қарсы алатын көп мейрамдардың бірін қарасы селдіремей тамашалады.
Қарағандыдағы Масленица мейрамын жергілікті «Казачья вольница» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Бірлестіктің төрағасы Семен Раковтың айтуынша, Масленица мерекесін бұлар осымен сегізінші рет ұйымдастырып отыр екен. «Әуелде бұл мереке кеншілер астанасындағы орталық саябақта өтіп келді. Ал енді осымен төртінші рет қаланың қақ ортасында, Кеншілердің мәдениет сарайының алдында тойлауды дәстүрге айналдырдық. Біздер, қазақстандықтар – біртұтас халықпыз. Содан да болар, Масленица мерекесін атап өтуге қаламыздағы этномәдени бірлестіктердің бірі қалмай атсалысты», – деді Семен Раков.
Масленица көздеген мақсатына жетті. «Казачья вольница» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған концерттік бағдарлама, түрлі ойындар, спорттық шаралар мен байқаулар жұрттың көңілінен шықты.
Мерекеге, жоғарыда айтылғанындай, қаламыздағы басқа да этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысып, той-думанның көрігін қыздыра түсті. Түрлі ұлт пен ұлыстың балалары бір-бірін көктем мерекесімен құттықтап, ақжарма тілектердің тиегін ағытты. Басқаның тойы ғой деп сырттан бағып тұрмай, ортақ қуаныштың үстінде бірлігі жарасқан елдің баласы екендігін көрсетіп, өз өнерлерін ортаға салды.
Масленица мерекесінің атақты құймақсыз өтпейтіні белгілі. Бұл жолғы мерекеде қоғамдық бірлестіктің белсенділері екі мыңға тарта құймақ пісіріп, халайыққа ұсынды. Дәмі тіл үйірген құймақтар көзді ашып-жұмғанша қолдан-қолға тарап кетті. Мерекенің соңына таман дәстүрлі түрде Масленицаның саманнан жасалған тұлыбы өртенді. Бұл шараның да өзіндік мән-мағынасы бар: ескі-құсқының, кір-қоқыстың бәрі келмеске кетіп, оның орнын тіршіліктің жаңа өскіні басу керек дегенді білдіретін ырым болса керек. Яғни, бұл – тағы бір көктем келіп, түрлі ұлттың баласы тату-тәтті тұрып жатқан ортақ үйіміздің қақпасын жаңа үмітпен жадырай қақты деген сөз.
Қайрат ӘБІЛДИНОВ,
«Егемен Қазақстан».
ҚАРАҒАНДЫ.

Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Бүгін, 19:55
Қарағанды облысында қуаты 500 МВт болатын жел электр станциясы салынады
Аймақтар • Бүгін, 19:20
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Бүгін, 18:50
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Бүгін, 18:40
Astana AI Film Festival: халықаралық байқауға өтінім қабылдау басталады
Мәдениет • Бүгін, 18:29
Кәсіпкер Бақытбек Дүзелбаев «Ақтөбе» клубын сатып алды
Футбол • Бүгін, 18:01
Қандай жағдайда жол ережесін бұзу «ұсақ бұзақылық» деп танылады?
Қоғам • Бүгін, 17:48
Ақсу қаласында зауыт маңынан әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:36
Ұландық үздік сарбаздар алғаш рет кіші сержант шенін алды
Әскер • Бүгін, 17:17
Астанада арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 16:59
Мемлекет басшысы Грузия Президентімен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 16:42
Ауыл клубының басшысы 10 жыл бойы бюджет қаржысын жымқырған
Оқиға • Бүгін, 16:30
Елімізде жылдамдықты шектейтін учаскелер саны екі есе артады
Қоғам • Бүгін, 16:15
Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз үшін экологиялық қауіпсіздік ұзақмерзімді даму стратегиясының арқауы
Президент • Бүгін, 15:54
Ақын аманаты орындалды: Мұхтар Шаханов туған жерінің топырағына жерленді
Тұлға • Бүгін, 15:40