12 Қаңтар, 2011

Азиада айшықтары

492 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Азиадаға 18 күн қалды

Астана қаласындағы «MEGA As­ta­na» сауда ойын-сауық орталығында Азиаданың кішкентай аруы мен кішкентай сұлтаны сұлулық байқауы өтті. Оған қатысу үшін 100 үміткерден 25 үздік қатысушы іріктеліп алынды. 4 жастан 12 жасқа дейінгі байқаудың қа­ты­су­шы­лары үш ай бойы дефиле негіздері мен актерлік шеберлікті меңгерді. Сахнада олар өздерінің би, вокалдық мүм­кін­діктерін және кештерге киетін киімдерін көрсетті. Қазылар алқасы мүшелерінің таңдау қорытындысы бойынша 5 жасар Нұрай Сұлтан Азиаданың кішкентай аруы атанса, Азиаданың кішкентай сұлтаны ата­ғы­на 12 жасар Сұлтанәлі Нұрманов ие бол­ды. Ал Азиаданың балғын аруы номи­на­ция­сына 8 жасар Карина Мыр­забекова таң­дап алынды. Байқаудың жеңімпаз­да­ры­на Азиаданың ұйым­дас­тыру коми­те­тінің, «ADIDAS», «MEGA Astana» СОО атынан кәдесыйлармен «Имидж студии благородных девиц» аты­нан 600 мың теңге соманың сертификаты табыс етілді. *  *  * Таяуда Өзбекстанда Азиадаға ар­нал­­ған «VII Қысқы Азия ойындары. Ас­тана – Алматы» атты арнайы екі жаңа пошта маркасы айналымға енгізілді. Мәнерлеп сырғанау мен фристайлға арналған қос марканың бірінде мұздағы мәнерлеп билеу көрінісі бейнеленсе, екіншісінде фристайл спорт түрінің үздік бейнесі салынған. Маркалардың оң жақтағы жоғарғы бұрышында Азиада эмблемасы мен «7-Qishki osiyo o`yinlari (Astana – Alma-Ata)» деп жазылған. *  *  * Азиада күндері жанкүйерлерді қоса есептегенде Астанаға шетелден 12 мың­нан астам қонақ келеді деп күтілуде. Олар­ды қаланың 34 қонақ үйіне орналастыру жоспарлануда. Осыған байланысты қала әкімдігі барлық қонақ үйді паспорттандырудан өткізді. Жанкүйерлерді орналастыруға болатын қосымша мейманханалар анық­талып, спорт нысан­да­рында  спорт­шылар мен көрермендерді тамақ­тандыру мәсе­ле­сі пысықталды. Олармен жұмыс істеу үшін мың ерікті тартылды. Жалпы, Азиадаға 2239 адам келеді деп жоспарлануда. Оның ішінде 836 спортшылар, жаттықтырушылар, төрешілер, дәрігерлер мен 403 ресми лауазым иелері және басқа құрметті қонақтар бар. Мың адам шетелдік және отандық БАҚ өкілдері болады. сонымен бірге әр елден көптеген жанкүйерлер келеді делінуде. «Егемен-ақпарат».