Облыс орталығындағы Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы университетте Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналып «Сөз өнері және тілдік таным табиғаты» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік жиын өтті. Бұл күнгі жиынның құрметті қонағы қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Айман Зейнулина болды.
Айман Файзоллақызы Желтоқсан оқиғасына қатысушы жастардың бірі, студент кезінде Тәуелсіздік таңы үшін, қазақ тілінің асқақ мәртебесі үшін алаңға шықты. 2009 жылы Ф. Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университетінде ашылған «Қазақ тілі мен мәдениеті» атты орталықтың сырттай курс жетекшісі болып келеді. Омбыда 100 мыңға жуық қазақ тұрады. Қаладағы 11 мектепте қазақ сыныптары бар. 1989 жылдан бері жұмыс атқарып келе жатқан «Мөлдір» қазақ мәдениетінің орталығы, «Шоқан жолы», «Омбы қазақтары», «Бірлік» және 2011 жылы ашылған Ф.Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университетіндегі қазақ тілі мен мәдениеті орталықтары қазақ жастарына ана тілін ұмыттырмай, түрлі шаралар өткізеді. Қазақ жастары Павлодардың жоғары оқу орындарына тегін оқуға түсіп, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мамандығын алған соң Омбыда сабақ бере алады. Ғалымның жазған 3 монография, 5 оқулық, 3 оқу әдістемесі, 1 электронды оқулық, 200 ғылыми мақалалары жарыққа шықты. Конференция барысында көпшілік назарына «Сөз өнерінің сардары» атты кітап көрмесі ұсынылды. Білім мен ғылым саласында жарық көрген «Білім көкжиегінде» атты кезекті кітап жинағының тұсауы кесілді.
Оқу орнында ашылған «Қыз Жібек» клубы танымдық, ғылым-білім, қыз бала тәрбиесі, ұлттық қазақы тәрбие, болашақ әйел-ана сияқты қоғамдық бағыттардағы игі істер атқарып келеді. Қыздарымыздың салт-дәстүр, тіл, дін, ұлттық киім, ас-мәзірі сынды құндылықтарымызды танытатын іс-шараларды ұйымдастыруда. Осы тұста студенттердің діни сауаттылығын арттыруға бағытталған «Білім +» жобасы да бар.
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан».
ПАВЛОДАР.

Астанада жазушы-этнограф Төрехан Майбастың кітабы таныстырылды
Оқиға • Бүгін, 20:45
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Бүгін, 20:40
Президент су саласына қатысты халықаралық конвенция қабылдауды ұсынды
Президент • Бүгін, 20:28
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Бүгін, 20:16
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Бүгін, 20:03
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Бүгін, 19:55
Қарағанды облысында қуаты 500 МВт болатын жел электр станциясы салынады
Аймақтар • Бүгін, 19:20
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Бүгін, 18:50
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Бүгін, 18:40
Astana AI Film Festival: халықаралық байқауға өтінім қабылдау басталады
Мәдениет • Бүгін, 18:29
Кәсіпкер Бақытбек Дүзелбаев «Ақтөбе» клубын сатып алды
Футбол • Бүгін, 18:01
Қандай жағдайда жол ережесін бұзу «ұсақ бұзақылық» деп танылады?
Қоғам • Бүгін, 17:48
Ақсу қаласында зауыт маңынан әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:36
Ұландық үздік сарбаздар алғаш рет кіші сержант шенін алды
Әскер • Бүгін, 17:17
Астанада арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 16:59