Таяуда Ақсуат ауылында өнер мектебі ашылды. Білім ордасының жалпы алаңы – 200 шаршы метр. Аудан әкімдігінің қолдауымен ашылған мектепте сурет, кескіндеме, мүсін, қолданбалы композиция және композиция сыныптары бойынша 100 бала білім алады. Балалардың бойындағы қабілетін шыңдау мақсатында тұсауын кескен мектепке оқушылар 5 жастан бастап қабылданады. Арнайы мектепті бітірген оқушыларға куәлік те беріледі екен. Өнер бесігінің ашылу салтанатына аудандағы мәдениет саласының қызметкерлері, мектеп оқушылары мен ата-аналар, ауыл тұрғындары қатысты.
– Ауылымыздың балалары басқалардан кем болмауы тиіс. Ірі қалалардың жобасына үлес қосатын сәулетшілер, халықаралық дәрежеде көрмелер өткізетін суретшілер, даңқты мүсіншілердің көбі ауылдан шығады. Бүгінде Астананың қандай қарқынмен дамып келе жатқаны баршамызға белгілі. Болашақта елордамыз бен еліміздің эстетикалық тұрғыдан дамуына тарбағатайлық өрендер де өз қолтаңбасымен үлес қосады деген сенімдеміз. Ақсуатта өнер мектебінен өзге саз, спорт мектептерінде де тәлім алуға болады. Алдағы уақытта ақылы негіздегі ағылшын тілі мен ментальды математика мектептерін ашуды жоспарлап отырмыз. Яғни, балалардың бос уақытын тиімді жұмсауы үшін мемлекет барлық жағдайды жасауда, – деді жаңа нысанның ашылуымен құттықтаған аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев.
Аудан басшысының айтуынша, алдағы уақытта Ақсуат өнер мектебі оқушыларының әлеуеті туған жерді көркейтуге пайдаланылмақ. Мәселен, дарынды оқушылар аудандық газетте жарияланатын байқауларға қатысып, аудан орталығы мен ауылдық округтерді көріктендіру шараларына үлес қоса алады. Осы мақсатта орталық саябақтар мен көше жиектерін, алаңдағы музыкалық түрлі-түсті субұрқақтар айналасын әсемдендіруге байланысты жобалар сынға түсетін көрме ұйымдастыру көзделіп отыр. Оқушылардың шығармашылық қиялынан туған жұмыстар осы көрмеге қатыстырылатын болады.
Мектептің ашылу салтанатында Ақсуат ауылының Алшынғазы Байқыдыров атындағы саз мектебінде ұзақ жыл еңбек еткен Шолпан Бошанова мен «Сұлусаз» халықтық мәдени ән-би ансамблінің көркемдік жетекшісі Ғарифолла Сейфоллаев арнайы төсбелгімен марапатталса, ардагер-ұстаз Ханданиша Мырзатаева бүгінде шәкірттердің алаңсыз білім алуына, шығармашылық қабілетін шыңдауына мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалғанын, оны тиімді пайдалану керектігін жеткізді. Жаңа нысанмен танысу барысында бейнелеу өнері сабағын өткізіп жатқан мұғалімді сөзге тартқан едік. Жанерке Ерланова Семейдің сервис колледжін тәмамдап, «Дипломмен – ауылға!» жобасы бойынша ауылға келіп, еңбек етіп жатқанын айтты.
– Біздің үйірмеде қазір 25 оқушы бар. Оларды сурет, композиция, графика өнеріне баулимыз. Түрлі-түсті бояумен жұмыс істеуді үйретеміз. Оқушылардың бейнелеу өнеріне деген ынталары өте жоғары, – деді жас маман.
Өнер мектебінің директоры Ерболат Жарылғасынов өнерлі жан екен. Ағаш пен темірден түйін түйетін ұстаздың жасаған қолөнер бұйымдарының ішінде домбыра, нарқобыздан бастап, астау, кісе сынды ұлттық бұйымдар жетерлік. Кеңес Одағы кезінде ауылдағы өнер мектебінің негізін қалаған, 30 жыл бойы ұстаздық, басшылық қызмет еткен Майданбек Іштебаев Ерболаттың қолынан шыққан домбыраны бебеулетіп, күй тарта отырып, Ақсуаттағы алғашқы өнер мектебі 1968 жылы 15 тамызда ашылғанын, аталған білім ордасынан күйші Мұрат Әбуғазы, әнші Клара Төленбаева, сыбызғышы Талғат Мұқышев сынды елімізге белгілі өнер қайраткерлері шыққанын мақтанышпен атап өтті. Олардың ізін жалғайтын өнерпаздар осы өрендердің ортасында отырған болар, бәлкім!
Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан».
Шығыс Қазақстан облысы,
Тарбағатай ауданы.
Суретті түсірген автор.

Астанада арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 16:59
Мемлекет басшысы Грузия Президентімен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 16:42
Ауыл клубының басшысы 10 жыл бойы бюджет қаржысын жымқырған
Оқиға • Бүгін, 16:30
Елімізде жылдамдықты шектейтін учаскелер саны екі есе артады
Қоғам • Бүгін, 16:15
Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз үшін экологиялық қауіпсіздік ұзақмерзімді даму стратегиясының арқауы
Президент • Бүгін, 15:54
Ақын аманаты орындалды: Мұхтар Шаханов туған жерінің топырағына жерленді
Тұлға • Бүгін, 15:40
Жаттықтырушыларға үстемеақы беріледі: Өтінімді қалай тапсыруға болады?
Спорт • Бүгін, 15:32
Қазақстанда қар барысының саны 190-ға жетті
Қазақстан • Бүгін, 15:10
«Astana Eurasian Book Fair – 2026»: Елордада халықаралық кітап көрмесі өтіп жатыр
Елорда • Бүгін, 15:03
Елімізде 32 градусқа дейін күн ысиды
Ауа райы • Бүгін, 14:52
Ірі энергетикалық нысандардан тарайтын зиянды шығарындылар 35 пайызға азаяды
Президент • Бүгін, 14:37
Қазақстанда жаңа БИ-95 автокөлік отыны өндіріле бастады
Қазақстан • Бүгін, 14:27
Мемлекет басшысы: Каспий маңында қарулы күштердің қолданылуына жол беруге болмайды
Президент • Бүгін, 14:15
Астанада Халықаралық су ұйымын құру бойынша консультациялардың бірінші кезеңі өтеді
Президент • Бүгін, 13:55
Театр, кино және диалог: Астанада Ресейдің мәдениет күндері өтеді
Қазақстан • Бүгін, 13:49