АСТАНА. 15 наурыз. Әйгілі испан теннисшісі Рафаэль Надаль Францияның бұрынғы спорт министрі Розелин Башелоның үстінен сотқа шағымдануға ниетті екенін мәлімдеді. Оған бұрынғы шенеуніктің спортшыны допинг қолданды деп негізсіз айыптауы себеп болып отыр. Бұл туралы BBC-ге сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Өткен аптада өзінің рұқсат етілмеген дәрі-дәрмектер қолданғанын мойындаған Ресей теннисшісі Мария Шарапованың әрекетіне байланысты Розелин Башело өз пікірін білдірген болатын. Сол кезде ол испан теннисшісінің де атын атап: «Надальдың 2012 жылы жеті ай демалыс алғаны белгілі. Оған ресми түрде мәлімделгендей жарақаты емес, тыйым салынған препараттарды қолдануы себеп болуы әбден мүмкін», – деді. Десе де, экс-министр бұл сөзіне ешқандай дәлел келтірген жоқ.
Бұған дейін өз атына айтылған мұндай жаланың сан түрін естіген Рафаэль Надаль бұл жолы шыдамының таусылғанын айтып:
«Франция сынды әлемдегі алпауыт елдердің бірінде спорт ведомствосын басқарған адам әр сөзін ойланып барып сөйлеуі керек. Мен 5 жасымнан бері осы спорт түрімен шұғылданып келемін. Содан бергі жетістіктеріме өзімнің адал еңбегімнің арқасында жеттім. Сондықтан мұндай нақақ жалаға бұдан артық төзе алмаймын. Болашақта кімде-кім мені негізсіз айыптаса, олардың әрқайсысымен соттасуға дайынмын», – деді.
Еламан Қоңыр.
Дерек: BBC.
Сурет: AFP.
• 15 Наурыз, 2016
Надаль Францияның бұрынғы спорт министрімен соттаспақ

«Astana Eurasian Book Fair – 2026»: Елордада халықаралық кітап көрмесі өтіп жатыр
Елорда • Бүгін, 15:03
Елімізде 32 градусқа дейін күн ысиды
Ауа райы • Бүгін, 14:52
Ірі энергетикалық нысандардан тарайтын зиянды шығарындылар 35 пайызға азаяды
Президент • Бүгін, 14:37
Қазақстанда жаңа БИ-95 автокөлік отыны өндіріле бастады
Қазақстан • Бүгін, 14:27
Мемлекет басшысы: Каспий маңында қарулы күштердің қолданылуына жол беруге болмайды
Президент • Бүгін, 14:15
Астанада Халықаралық су ұйымын құру бойынша консультациялардың бірінші кезеңі өтеді
Президент • Бүгін, 13:55
Театр, кино және диалог: Астанада Ресейдің мәдениет күндері өтеді
Қазақстан • Бүгін, 13:49
Тоқаев: Арал теңізі салғырттықтың салдары қандай қасіретке әкеліп соғатынын еске салады
Президент • Бүгін, 13:46
Мемлекет басшысы: Жасанды интеллект көмегінсіз экологиялық мәселелерді оңтайлы шешу мүмкін емес
Президент • Бүгін, 13:34
Қалауыңа қарай тапсырыспен алдыратын жеңсік ас емес: Мемлекет басшысы БҰҰ Жарғысы туралы
Президент • Бүгін, 13:30
Президент экологиялық күн тәрбін әзірлеу барысында дамушы елдердің қажеттіліктерін ескеруге шақырды
Президент • Бүгін, 13:18
Мемлекет басшысы Өңірлік экологиялық саммиттің пленарлық отырысында сөз сөйледі
Президент • Бүгін, 13:10
Мектептегі оқушы қыздар төбелесі: Ата-аналар директордың жұмыстан кетуін талап етті
Оқиға • Бүгін, 12:45
Депутат салық режимі бойынша ел аумағында бірыңғай мөлшерлеме енгізуді ұсынды
Парламент • Бүгін, 12:44
Жаңа заң жобасы: Ауыл бюджеттерін ұлғайтуға жаңа салықтық тетіктер ұсынылды
Парламент • Бүгін, 12:35