16 Наурыз, 2016

Кирилл ПРИВАЛОВ: «Ресейдің Қазақстаннан үйренгені жөн»

238 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін
krsrg.jpg-15-0320 наурызда өтетін Қазақстандағы кезектен тыс Парламент сайлауы, Ресейдегі қазіргі заманғы саяси трендтер мәселелері, сондай-ақ, ЕАЭО кеңістігіндегі саяси үдерістердің даму барысы «Российская газета» басылымының алаңында талқыланды. «Север-Юг» политология орталығының бастамасымен ұйымдастырылған дөңгелек үстел отырысына Қазақстан мен Ресей сарапшылары қатысты. Кең ауқымды пікірталастар Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттеріндегі электораттық науқанның өзіне тән және жалпы сипаттары мен Қазақстандағы саяси жүйенің демократиялану кезеңдеріне арналды. Мұнда бас­­­ты назар қазіргі сайлау нау­­­­қаны­на, оны кезектен тыс өт­кізу­дің себеп­теріне, сайлау қоры­тын­ды­лары­ның ішкі саяси жағдайдың әрі қарай дамуы мен Қазақстан және Ресей арасындағы қарым-қа­ты­нас­қа қалай әсер ететініне аударылды. Кездесуді аша келіп, Посткеңес­тік кеңістіктегі қоғамдық-саяси үдерістерді зерттеу жөніндегі ақ­параттық-сараптамалық орта­лықтың бас директоры Сергей Рекеда Қазақстандағы осы жолғы сайлау науқанының маңызын атап көрсетті. «Мәжілістің жа­ңа құрамының алдында «Ұлт Жос­парын» – Президент Нұр­сұлтан Назарбаев белгілеп бер­ген дамудың стратегиялық бағдар­ла­масын жүзеге асыру міндеті тұр», – деді С.Рекеда. Дөңгелек үстел басында сай­лауалды науқаны барысы тура­лы Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комис­сия басшысы Нұрлан Ерімбетов жан-жақты айтып берді. «Біздің комиссияда қазір 22 адам, елге белгілі азаматтар – танымал жазу­шы­­лар, журналистер, ғалым­дар, бизнесмендер, яғни өз бағалау­ларында тәуелсіздікке иек артатын адамдар жұмыс істейді», – деді ол. Бұл жолғы сайлаудың ерек­ше­ліктері туралы айта келе, ол сай­ла­ушылардың азаматтық бел­сен­­ді­ліктерін және науқанға жас­­тар та­рапынан айтарлықтай қызы­ғу­шылық бар екенін атап өтті. Оның сөзіне қарағанда, жергілікті 10 мыңға жуық байқаушының арасында жастардың көптігі қуант­пай қоймайды. Сонымен қатар, Мәжіліс пен барлық деңгей­дегі мәслихаттар депутаттарына кан­дидаттардың бұрынғыға қара­ғанда жасара түскені де өзіне назар аудартады. Қазіргі үміткерлердің орта жасы 43-44-ті құрайды. Н.Ерімбетовтің пікірінше, ел азаматтары жаңа, жас тұлғаларды көргісі келеді. Бұл пікірмен Мәскеу мемлекет­тік халықаралық қатынас­­тар институты Сараптама орталы­ғы­ның директоры Андрей Казан­цев келісетінін білдіре келіп, былай деді: «Егер «Нұр Отан­ның» партиялық тізіміне көз салар болсақ, онда көптеген жаңа есім­дерді көреміз». Оның пікірін­ше, Қазақстан посткеңестік кеңіс­тік­те жас, білімді, қазіргі заман та­лаптарына жауап беруге қабілетті жастарды ілгерілетуде пионер болып табылады. А.Казанцев аталған үдерісті «түрлі-түсті ре­волю­цияларға» қарсы іс-қимыл та­нытудың жақсы рецепті деп бағалады. «Қазақстан басшы­лығы­ның дана саясаты «түрлі-түсті революциялар» проблемасынан айналып өтуге мүмкіндік береді. Басқару элитасы тұрақты түрде жаңарып отыруда. Осы тұрғыдан алғанда, «Болашақ» бағдарламасы теңдесі жоқ, таза қазақстандық бренд болып табылады», – деп атап өтті сарапшы. А.Казанцев, сонымен қатар, Қазақстанның ұзақ жылдар бойы этносаралық және конфессия­ара­лық келісімді сақтап, ұлт­ты бірлік пен тұтастыққа жұмылдыра алып отырған аздаған мемлекеттердің бірі екенін көлденең тартты. «Бізге, кей кездері, ұлтаралық келісім, кеңестік интернационализм тұр­ғысынан алып қарағанда, өзі­нен өзі осылай болуы тиіс үдеріс сияқты болып көрінетіні жасырын емес. Шын мәнінде, бұған қол жеткізу өте қиын. Бәрінен бұрын бұл – теңдестірілген ішкі-сыртқы саясаттың жемісі», – деді сарапшы. Оның пікірінше, Қазақстан – іс жүзінде көршілерімен ешқандай проблемасы жоқ Азиядағы аздаған мемлекеттердің бірі. Сондай-ақ, Қазақстан Ресейдің сенімді серіктесі және одақтасы болып табы­лады. Алдағы сайлау осы тұ­рақ­тылықты нығайтуға оң ықпал ететін болады. Ресей Қоғамдық палатасының мүшесі Иосиф Дискин алдағы сайлауды жалпықазақстандық саяси ұлт қалыптастыру үдерісін­дегі маңызды қадам деп атады. «Барлық посткеңестік елдер басы­нан кешіп отырған аса күрделі макр­о­әлеуметтік трансформация үдеріс­тері барысында, яғни мүд­делер мен құндылықтар арасын­да пікірлер алшақтығы болуы ықтимал кезде мұның маңызы өте зор. Осындай қарама-қайшы­лықтар кезінде түрлі көзқарастар мен әлеуметтік теріс пікірлер пай­да болуы әбден ықтимал екені де түсінікті жайт», – деп атап өтті И.Дискин. Оның сөзіне қарағанда, Прези­дент Нұрсұлтан Назарбаев мұндай қатерді әрқашан жақсы түсініп келеді. Осыған байланысты мем­лекеттік жүйенің негізіне қоғам­ды дінаралық және ұлтаралық қағидаттар бойынша бөлуге мүм­кін­дік бермейтін топтасқандық факторы алынып отыр. Сарапшы кезектен тыс сайлау туралы ш­е­шім­ді де дұрыс деп атады. Өйт­­кені, аса күрделі қаржы жағ­дайында іс басындағы биліктің заңдылығын нығайта түсу қажет. «Бұл – халыққа қайырылудағы ең дұрыс таңдалған жол, – деді осы орайда И.Дискин. – Ел халқы мемлекеттің қай жаққа бағыт ұстанатынына қатысты өздерінің таңдауларын жасауға мүмкіндік алып отыр». Қазақстан басшысының пре­вен­тивті іс-қимыл танытып, не нәр­сенің де алдын орай білетін қабілетін Бүкілресейлік мемлекеттік теле- және радиохабарларын тарату компаниясының шолушысы Кирилл Привалов атап өтті. Оның сөзіне қарағанда: «Қазақстан Пре­зиденті уақыттың алдында жүріп қана қоймай, оған өзінің айтқанын да істете алады». «Сай­лау реформаларды тереңдету, мем­лекетті жаңғыртуға серпін беру, тұрақтылық тетігін қамтамасыз етіп, тұрақсыздық тетігінің жұмыс істеп кетуіне мүмкіндік бер­меу үшін қажет, – деп атап көрсет­ті К.Привалов. – Нұрсұлтан Назар­баев суперпрезиденттік рес­пуб­ликадан президенттік-пар­ламенттік республикаға транзит­ке дайындалып жатқанын жасыр­майды. Осы тұрғыдан алғанда, халықтың сайлауға және Парла­мент­тің болашақ құрамына көз­қарасы да мүлдем жаңаша көрі­неді». Оның айтуынша, жаңа мін­деттерді шешу үшін жаңа адамдар керек және бұл үдерісте Ресейдің Қазақстаннан үйренгені жөн. Ресей Мемлекеттік Дума­сының ТМД істері, еуразия­лық интеграция және отан­дастармен байланыс жөніндегі комитетінің мүшесі Ирина Род­нина пікірталасқа жаңа леп әкелгендей болды. Ол өзінің былтыр Қазақстанда өткен пре­зи­денттік сайлауға байқаушы ретін­де қатысқанынан үлкен әсер алғанымен бөлісті. «Сайлау үде­рісі бойынша ешқандай ес­кертпелер болған жоқ. Дауыс беру тамаша ұйымдастырылуымен және халықтың аса жоғары бел­сенділігімен есте қалды», – деді ол. Оның ойынша, алдағы пар­ламенттік сайлау да осындай деңгейде өтетін болады. Дөңгелек үстел отырысын қоры­тындылай келіп, қатысушылар Қазақ­станда өтіп жатқан сайлау циклы ел басшылығы алға қойған стратегиялық міндеттердің табыс­ты орындалатынына сенім ұяла­татынын білдірді. Ал бұл Қазақ­стан үшін де, Ресей үшін де аса маңызды. Сәулебек БІРЖАН.