Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар сайлаулары жақындаған сайын оған тыңғылықты дайындық шаралары қыза түсуде. Саяси науқанға әзірлік жайлы БАҚ өкілдерімен өткізген брифингте Сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның жергілікті филиалының жетекшісі Сергей Худяков егжей-тегжейлі айтып берді.
Ол өз сөзінде өңір аумағында 697 сайлау учаскесі құрылғанын, ал 929 сайлау комиссиясы құрамына 6,5 мыңнан астам белсендінің тартылғанын айта келіп, қоғамдық қадағалаушылардың тас-түйін әзірлігіне көңілі толатынын білдірді. Оларға байқаушының күнделігі, қысқаша нұсқаулығы, атқарылған жұмысты қабылдау бойынша келісім актісі, заң бұзушылықтар туралы акті үлгісі, байқаушының куәлігі, тағы басқа қажетті материалдар топтастырылған құжаттар топтамасы үлестірілгенін жеткізе келіп, Сергей Герольдович үйлестіруші ұйымдар тарапынан оқыту, кеңес беру, саяси білімдерін жетілдіру семинарлары қадағаланып отыратынын, осындай жоғары талаптар қою арқылы ғана сайлауды талапқа сай өткізуге болатынын алға тартты.
Облыстық сайлау комиссиясында және партиялық тізім бойынша Парламент Мәжілісі сайлауына қатысуға жолдама алған алты саяси партияның сайлауалды штабтарында болған филиал жетекшісі өз тәжірибесімен бөлісті. Саяси ұйымдар тарапынан ешқандай заң бұзушылық байқалмаған. Жергілікті атқарушы билік өкілдеріне қатысты өтініш-тілектер білдірмеген. Көрнекі үгіт-насихат құралдары да талапқа сай орнатылған. Үгіт-насихат материалдарын бұқаралық ақпарат құралдарына орналастыруда бірізділік қатаң сақталған.
Ол келтірген мәліметтер бойынша облыстық мәслихатқа – 31, қалалық мәслихатқа – 19, аудандық мәслихаттарға 167 депутат сайлануы тиіс. Жергілікті мәслихаттар деңгейіндегі үміткерлер саны – 661.
С.Худяков саяси партиялар өкілдерімен кездескенін, олардың тарапынан да сайлау туралы заңнамалар талаптарының орындалып жатқанын, жеке атына да, облыстық штабқа да сайлаушылардан, саяси партия мүшелерінен, сенім білдірілген адамдардан ешқандай арыз-шағым түспегенін жеткізді.
Әр сайлаушы өз сайлау учаскесіне барып, тізімде бар-жоғын тексере алады. Қосымша тізім арқылы басқа жақта дауыс беру құқығына ие. Бүгінде 51 елде 65 сайлау учаскесі ашылған. Олардың бесеуі көрші елде орналасқан. Дания мен Ресейден келген екі байқаушы аудандарды аралап, сайлауға әзірлік шараларымен танысып жүр. Олардың қатары молығатын болады. Қазіргі ахуалға қарағанда, сайлаудың ашық та мөлдір өтетініне сенімдімін, деп сөзін түйіндеді Сергей Герольдович.
Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
Солтүстік Қазақстан облысы.

«Astana Eurasian Book Fair – 2026»: Елордада халықаралық кітап көрмесі өтіп жатыр
Елорда • Бүгін, 15:03
Елімізде 32 градусқа дейін күн ысиды
Ауа райы • Бүгін, 14:52
Ірі энергетикалық нысандардан тарайтын зиянды шығарындылар 35 пайызға азаяды
Президент • Бүгін, 14:37
Қазақстанда жаңа БИ-95 автокөлік отыны өндіріле бастады
Қазақстан • Бүгін, 14:27
Мемлекет басшысы: Каспий маңында қарулы күштердің қолданылуына жол беруге болмайды
Президент • Бүгін, 14:15
Астанада Халықаралық су ұйымын құру бойынша консультациялардың бірінші кезеңі өтеді
Президент • Бүгін, 13:55
Театр, кино және диалог: Астанада Ресейдің мәдениет күндері өтеді
Қазақстан • Бүгін, 13:49
Тоқаев: Арал теңізі салғырттықтың салдары қандай қасіретке әкеліп соғатынын еске салады
Президент • Бүгін, 13:46
Мемлекет басшысы: Жасанды интеллект көмегінсіз экологиялық мәселелерді оңтайлы шешу мүмкін емес
Президент • Бүгін, 13:34
Қалауыңа қарай тапсырыспен алдыратын жеңсік ас емес: Мемлекет басшысы БҰҰ Жарғысы туралы
Президент • Бүгін, 13:30
Президент экологиялық күн тәрбін әзірлеу барысында дамушы елдердің қажеттіліктерін ескеруге шақырды
Президент • Бүгін, 13:18
Мемлекет басшысы Өңірлік экологиялық саммиттің пленарлық отырысында сөз сөйледі
Президент • Бүгін, 13:10
Мектептегі оқушы қыздар төбелесі: Ата-аналар директордың жұмыстан кетуін талап етті
Оқиға • Бүгін, 12:45
Депутат салық режимі бойынша ел аумағында бірыңғай мөлшерлеме енгізуді ұсынды
Парламент • Бүгін, 12:44
Жаңа заң жобасы: Ауыл бюджеттерін ұлғайтуға жаңа салықтық тетіктер ұсынылды
Парламент • Бүгін, 12:35