Ғалымдар одан алғашқы өнім жинады
Талдықорғандық оқымыстылар жерасты жылыжайынан алғашқы өнім жинады. Осылайша қызметкерлер көкөніс өсіру барысында жылу және электр қуатын үнемдеудің тың жолын тапты.
«Көпфункциялы жылыжай термосында жылу және электр қуатын пайдалануды азайту мақсатында былтыр күзге салым бастаған жұмысымыз міне, жақсы нәтижесін берді. «Е» әрпі іспетті жер астын ұңғылай қазылған шұңқырға орнатылған отандық өнім поликарбонаттан жасалған материал төбесінен, ал күн сәулесін жылыжай ішіне шашырататын материал ернеуінен жарық түсіріп тұрады. Оның пайдасы сол – күн сәулесі мен жылуды жақсы сақтап электр қуатын жұмсауды азайтады. Сөйтіп, жылыжайда өзіндік жылу сақталады. Оны 8 ай бойы жасаған тәжірибеміз көрсетті. Біз қияр, қызанақ, бұрыш, ақжелкен, аскөк, тіпті, лимон тұқымын да сеуіп өсіріп көрдік. Осылайша, бұл жерде барлық өнім түрі өсетініне көз жеткіздік. Құрылымда жылу энергиясы тәулігіне 2-3 сағат қана қосылып тұрады. Нәтижесінде жылу энергиясын пайдалану – 30 пайызға, электр қуатын пайдалану – 25 пайызға азайып отыр», дейді жоба жетекшісі – І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің проректоры Марат Мәлтекбасов.
Негізінде жер бетіндегі жылыжайларда жылу қуаты тәулік бойы пайдаланатыны мәлім. Оқымыстылар тәжірибесінен өткен жаңа жылыжайға сенім артушылар әлден пайда бола бастады. Өйткені, пайдасы шаш-етектен. Ең бастысы өзінің жылуы мен жарығы бар. Тағы бір артықшылығы – топырақ қабатын белгілі мөлшерде төсеп жасалатын үш сатылы деңгейде өнім етуге болатындығында. Жер бетіндегідей жел жоқ, сол себепті жылу мен ылғал ұзақ сақталып, бір жылда 4-5 ретке дейін өнім алу мүмкіндігі бар екендігін де оқымыстылар жоққа шығармайды.
Нұрбол ӘЛДІБАЕВ,
«Егемен Қазақстан».
ТАЛДЫҚОРҒАН.

Астанада Халықаралық су ұйымын құру бойынша консультациялардың бірінші кезеңі өтеді
Президент • Бүгін, 13:55
Театр, кино және диалог: Астанада Ресейдің мәдениет күндері өтеді
Қазақстан • Бүгін, 13:49
Тоқаев: Арал теңізі салғырттықтың салдары қандай қасіретке әкеліп соғатынын еске салады
Президент • Бүгін, 13:46
Мемлекет басшысы аймақтық цифрлық экожүйе құру бастамасын қолдады
Президент • Бүгін, 13:34
Қалауыңа қарай тапсырыспен алдыратын жеңсік ас емес: Мемлекет басшысы БҰҰ Жарғысы туралы
Президент • Бүгін, 13:30
Президент экологиялық күн тәрбін әзірлеу барысында дамушы елдердің қажеттіліктерін ескеруге шақырды
Президент • Бүгін, 13:18
Мемлекет басшысы Өңірлік экологиялық саммиттің пленарлық отырысында сөз сөйледі
Президент • Бүгін, 13:10
Мектептегі оқушы қыздар төбелесі: Ата-аналар директордың жұмыстан кетуін талап етті
Оқиға • Бүгін, 12:45
Депутат салық режимі бойынша ел аумағында бірыңғай мөлшерлеме енгізуді ұсынды
Парламент • Бүгін, 12:44
Жаңа заң жобасы: Ауыл бюджеттерін ұлғайтуға жаңа салықтық тетіктер ұсынылды
Парламент • Бүгін, 12:35
Мәслихат таратылған жағдайда депутаттарға жәрдемақы берілуі мүмкін
Парламент • Бүгін, 12:25
Алматыдағы театрлардың біріне Асанәлі Әшімовтің есімі берілді
Театр • Бүгін, 12:20
Алматылық оқушы әлемдегі үздік үш өнертапқыштың бірі атанды
Әлем • Бүгін, 11:57
Астанада Өңірлік экологиялық саммит өтіп жатыр
Президент • Бүгін, 11:50