Кеше Қазақстан Республикасындағы сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның (СБРҚК) ұйымдастыруымен «Демократиялық сайлаудың негізгі қағидалары» тақырыбында семинар-тренинг болып өтті. Басқосуға шетелдік және қазақстандық сарапшылар, қоғам қайраткерлері, ҮЕҰ мен БАҚ өкілдері және СБРҚК мүшелері мен елордалық байқаушылар қатысты.
Аталған шара барысында еліміздегі электораттық науқан кезіндегі қоғамдық байқау жүйесін барынша жетілдіру жайы мен байқаушылар қызметінің құқықтық аспектілері жан-жақты талқыға түсті. Отырысты кіріспе сөз сөйлеп ашқан сайлауды байқау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия мүшесі Әділ Ахметов теледидардан көрсетілген партиялар арасындағы пікірсайыс жайын айта келіп, оның жоғары деңгейде өткендігіне назар аудартты. Оның пікірінше, осы саяси сайыс барысынан-ақ елімізде сайлау мәдениетінің қалыптасқандығын көруге болады. Әрбір партия өз ұстанымын ашық та бүкпесіз жеткізіп жатуын шетелдік байқаушылар мұқият қадағалап отырғаны да атап көрсетілді. Бұл демократиялық үрдістің тереңдеп, саяси партиялар бұғаналарының бекіп, деңгейлерінің өскендігін байқатады, деді Ә.Ахметов.
Елімізде бір ғана заң, яғни Сайлау туралы заң аясында барлығы да әрекет етулері тиіс болса, осы тұрғыдан келгенде, партиялардың үгіт-насихат жұмыстары біркелкі заң аясында өткізілуде, деді әрі қарай Ә.Ахметов. Сайлаушылар халықаралық жағдайларға көз жібере салыстырып, еліміздегі тыныштық пен бірлікті ұлықтап келеді. Әлемдік қоғамдастықтың іргелі елдері ұстанып келе жатқан демократиялық сайлаудағы стандарттардың қағидаларына да баса назар аударылып отыр. Сондықтан да еліміздегі сайлау науқаны «Ырыс алды – ынтымақ» қағидасына негізделуі тиіс. Өйткені, ынтымақ болған жерде бірлік, ал бірлік бар жерде тірліктің болатындығын қазақстандықтар жақсы түйсінген. Қазақстан өз сайлауын өзі бақылай алатындай деңгейге жеткендігін көрсетіп келеді.
Семинар барысында Халықаралық Түркі академиясы Тіл және терминология орталығының жетекшісі, СБРҚК мүшесі Ә.Ахметов, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Саясаттану кафедрасының профессоры М.Онучко, СБРҚК мүшесі Т.Рамазанов баяндама жасап, қоғамдық байқаудың маңызын барынша ашып көрсетті. Толеранттылық деген терминді аударғанда тағаттылық, сыйластық немесе түсіністік деген ұғым шығатыны көлденең тартылды. Бұдан басқа, талқылау барысында байқаушының қадағалаушы әрі куәгер екендігі, тіркелген фактілерді жоғары тұрған органға немесе сотқа жеткізуіне толық құқығы барлығы ерекше аталды. Мәжілістің V шақырылымының депутаты, белгілі сарапшы Камал Бұрхановтың пайымынша, азаматтарымыздың саяси мәдениеті толысып, жаңа саяси дәстүрлер қалыптасып келе жатыр. Және де халық демократияландыру үдерісінің арқасында өз құқықтары мен міндеттерін жақсы түсінеді. Қоғамдық байқау электораттық процестің өте маңызды элементі болып табылатынын айта кету керек. Жалпы, жиынға қатысушылар Қазақстандағы сайлау барлық халықаралық стандарттарға жауап беретін негізгі демократиялық тетікке айналып, саяси мәдениеттің дамуындағы эволюциялық сипатты көрсететінін ерекше атады.
Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан».
Астана.
• 17 Наурыз, 2016
Қоғамдық қадағалау – электораттық үдерістің өте маңызды элементі

Шымкентте бір күнде қос кәсіпорын ашылды
Аймақтар • Бүгін, 17:16
«Қара алтын» арзандап, биткоин құбылды: Әлемдік нарықты 2026 жылы не күтіп тұр?
Экономика • Бүгін, 17:05
Бір жасар бала Ұлыбританиядан елге қайтарылды
Қоғам • Бүгін, 17:01
Төлем азайды, шығын көбейді: Сақтандыру компанияларының жағдайы қандай?
Экономика • Бүгін, 16:57
LRT-ның ресми іске қосылуына санаулы күндер қалды
Оқиға • Бүгін, 16:50
Президент ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты
Президент • Бүгін, 16:41
Қостанайда өрт салдарынан 40 отбасы жарықсыз қалды
Аймақтар • Бүгін, 16:30
Қасым-Жомарт Тоқаев Эрмитажды аралап көрді
Президент • Бүгін, 16:20
Қостанайлық мұғалім әріптестерінің атынан несие рәсімдеген
Заң • Бүгін, 16:15
Қазақстанда сиыр етін экспорттауға шектеулер тағы жарты жылға ұзартылады
Экспорт • Бүгін, 16:02
Серік Данияров: Мен өзімнің қола медалімді Мемлекет басшысына арнағым келеді
Спорт • Бүгін, 15:55
Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері Аустрияда чемпион атанды
Спорт • Бүгін, 15:34
Алдағы үш жылда Қызылорда облысындағы 51 мектеп күрделі жөндеуден өтеді
Аймақтар • Бүгін, 15:22
Ел мәдениетіндегі ерекше жаңалықтар: 2025 жыл біз үшін несімен құнды?
Мәдениет • Бүгін, 15:17
Қызылорда облысында 200-ге жуық әлеуметтік нысан бой көтерді
Құрылыс • Бүгін, 15:02