Наурыз айы орта белінен асқан кезде батысқазақстандықтар аяқ астынан көзді аштырмайтын ақтүтек боран соғады деп ойламаған еді. Ышқынған желдің екпіні атан түйені жығардай тым қатты болды. Ұйтқи соққан боранымен жарысып жауған қар Орал өңірінің қаласын да, даласын да бір демде ақ көрпеге орады да тастады. Жойқын желдің әсерінен қалада және облыстың бірқатар жерінде электр желілері үзіліп, көше бойларындағы билбордтардың мата тектес материалдары жыртылып жатты. 15 наурыз күні кешкі сағат 21:00-дің шамасында басталған боран таң ата бір-ақ саябырлады.
Әдетте төтеншеліктер қатты боранның болатынын, желдің жылдамдығы күшейетінін алдын ала хабарлаушы еді. Сірә, аталған қызмет өкілдері мен ауа райын анықтаушылар бұл жолы күтпеген жерден, өткен қыс айларының өзінде болмаған боранның басталып кететінін болжай алмай қалған секілді, дейді Орал қаласының тұрғындары. Шалғайдағы Қазталов және Бөкей ордасы аудандарынан жеткен хабарларға қарағанда, алағай да бұлағай қатты жел, боран кезінде көктен түскен қарды үрлеп, елді мекендердің іргесіне үйіп тастаған. Қардың үйлер мен әкімшілік ғимараттардың есік, терезелерін басып қалғаны соншалық,таңертең сыртқа шығатын есіктерді ашудың өзі қиынға түскен. Ал ішіне емес, сыртқа қарай ашылатын есіктерді ашу тіпті мүмкін болмады, деп хабарлады Қазталов ауданындағы әріптесіміз Серік Жұмағалиев.
Міне, сөйтіп, кешегі күні наурыздың қары Ақжайық атырабын белуардан келетін ақ көрпеге орады да тастады. Әрі бұл құбылыс жылдың жақсы болатынының бір хабаршысы, деп жатты өңірдегі көнекөз қариялар.
Темір ҚҰСАЙЫН,
«Егемен Қазақстан».
Батыс Қазақстан облысы.

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше