17 Наурыз, 2016

Үш қап алтын

330 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
16-03-2016-Алтын сурет 01рудасын шахтадан алып шыққан жұмысшы ұсталды Ақмола облысындағы алтын өндіретін Бестөбе кен орнында елді елең еткізген оқиға болды. Құрамында алтын бар руданы заңсыз жолмен өндіріп, бірден оның үш қабын алып шықпақ болған Астана қаласының тұрғыны қолға түсті. Облыстық ішкі істер департаменті өкілінің айтуынша, тәркіленген концентраттың жалпы салмағы 150 килоны құрайды. Оқиға 15 наурыз күні «Қазақалтын» кен-металлургия концерніне қарасты карьердің Батыс кеніші шахтасында болған. Қазіргі таңда 37 жастағы күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 334-бабының 1 тармағы бойынша («Жер қойнауын өз бетінше пайдалану») сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.  Ернар МҰХАМБЕТ.
Соңғы жаңалықтар