17 Наурыз, 2016

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бұйрығы  №74

344 рет
көрсетілді
40 мин
оқу үшін
2015 жылғы 30 қаңтар, Астана қаласы Кемелердегі қызмет жарғысын бекіту туралы Жаңа «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабы 1-тармағының 26-24) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса берiліп отырған Кемелердегі қызмет жарғысы бекiтiлсiн. 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А.Асавбаев): 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, бұйрықтың көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы «Әділет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын; 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн он жұмыс күні iшiнде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралар туралы мәлiметтердi Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Заң департаментiне ұсынуды қамтамасыз етсiн. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбекке жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә.ИСЕКЕШЕВ. «КЕЛІСІЛДІ»: Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі ____________ Т.Қ.ДҮЙСЕНОВА 2015 жылғы 13 ақпан Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы №74 бұйрығымен бекітілген Кемелердегі қызмет жарғысы 1. Жалпы ережелер 1. Осы Кемелердегі қызмет жарғысы (бұдан әрі - Жарғы) «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 9-бабы 1-тармағының 26-24) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының ішкі суларында жүзетін кемелердегі қызметті ұйымдастырудың негізгі ережелерін айқындайды. 2. Осы Жарғының талаптары олар кемеде болған кезде де, сол сияқты олардың жағада қызметтік функцияларын орындаған кезінде де кеме экипажы мүшелерімен, сондай-ақ кемеде уақытша болатын және онда қызметтік функциялар мен жұмыстар орындайтын басқа адамдармен сақталынады. 3. Кеме экипажының барлық мүшелері кемеге капитанның жазбаша келісімімен тағайындалады. 4. Экипаж мүшелерінің осы Жарғыға кірмеген лауазымдық функциялары кеме капитанының келісімі бойынша кеме иесінің лауазымдық нұсқаулықтарымен белгіленеді. 5. Экипаждың еңбегін қолданыстағы еңбек заңнамасына, Заңға және осы Жарғыға сәйкес кеме капитаны ұйымдастырады. 6. Барлық экипаж мүшелерінің, сондай-ақ жолаушылар ретінде кемеде уақытша болатын адамдардың функцияларын белгілейтін кеме кестелері кемелердегі қызметті ұйымдастырудың негізі болып табылады. 2. Кеме экипажы 7. Кеме экипажының мүшелері тиіс: 1) су көлігі қызметкерлерінің абыройы мен намысын сақтауға; 2) коммерциялық құпияны сақтауға; 3) мемлекеттік меншікті сақтауға; 4) Қазақстан Республикасы заңдарының, осы Жарғының, бұйрықтардың, қағидалар мен нұсқаулықтардың талаптарын орындауға; 5) тұрақта және жүру кезінде вахтада болуға және атқаратын қызметіне сәйкес кеме жұмыстарын орындауға; 6) сыпайы, тәртіпті болуға, лауазымы бойынша үлкендердің нұсқауларын жедел және дәл орындауға; 7) өзінің функцияларын білуге, адал және ынтамен орындауға, материалдарды үнемшілдікпен жұмсауға, кеме мүлкіне ұқыпты қарауға, өндірістік жоспарлар мен рейстік тапсырмаларды орындауға белсене қатысуға; 8) кеменің құрылымын, өзінің мамандығын, оны меңгеруді және оларға қатысты терминдерді білуге; 9) өздерінің кәсіби білімдерін ұдайы жетілдіріп отыруға; 10) өзінің меңгеруіндегі жұмысты жарамды күйде ұстауға және оны үздіксіз қамтамасыз етуге; 11) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау, өрт қауіпсіздігі ережелерінің және санитарлық ережелердің талаптарын білуге және қатаң сақтауға; 12) дабыл бойынша өзінің функцияларын білуге және дәл орындауға, авариялық-құтқару және өртке қарсы мүлікті, құрал-саймандармен, жеке және ұжымдық құтқару құралдарын пайдалана алуға және олардың орналастырылған жерлерін, апат сигналдарын білуге, ішкі байланыс және дабылдар бойынша сигнал беру жүйелерін пайдалануға; 13) таза және ұқыпты киінуге, нысанды киіммен жүру ережесін сақтауға; 14) кемеде тазалық пен тәртіпті сақтауға; 15) ластануына жол бермей, табиғи ортаны қорғауға. 8. Экипаждың әрбір мүшесі кеменің қауіпсіздігі туралы қамқорлық жасауға тиіс және кемеге, адамдарға, жүкке төнетін қауіпті анықтаған кезде бір мезгілде оны жою жөнінде шаралар қабылдай отырып, бұл туралы вахталық бастығына шұғыл хабарлайды. 9. Кемедегі немесе тұрмыстық техниканы (оның кімнің меңгеруінде екендігіне қарамастан) пайдаланатын адамдар оның мақсаты бойынша пайдаланылуы үшін жауап береді, ал жұмысында жарамсыздықтарды анықтаған кезде, ол осы техника меңгеруінде тұрған адамға дереу хабарлайды. 10. Кеменің адамдардың үлкен тобы пайдаланатын техникалық және тұрмыстық құралдары өздерінің меңгеруіндегі экипаж мүшелері әрбір құрал бойынша онымен жұмыс істеу нұсқаулығы болуын қадағалайды. 11. Экипаж мүшелеріне вахта бастығының рұқсатынсыз, кеме техникасының уақытша істен шығуына байланысты жөндеу жұмыстарын жүргізуге тыйым салынады. 12. Кемені тиісті жай-күйде және жарамдылықта ұстау үшін корпус пен қондырманың барлық элементтері, кеме ғимараттары, тетіктері, жүйелері, құрылғылары, қосалқы бөлшектері, құрал-саймандары, аспаптары мен жабдықтары меңгерілуі жөніндегі кестемен экипаждық әдіс кезінде кеме экипажының мүшелеріне немесе бригадалық әдіспен жұмыс істеу кезінде бір мезгілде кемеде болатын бригадалар (бригада) мүшелеріне бекітіледі. 13. Кеме экипажының мүшелері өздеріне сеніп тапсырылған құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етеді. 14. Экипаждарсыз, өзі жүрмейтін кемелермен жұмыс істейтін, өзі жүретін кеме экипажына осы кемелерді қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету үшін қосымша функциялар жүктеледі. 15. Экипаж мүшелері капитан жариялаған авариялық және қауырт жұмыстарды орындайды. Авариялық жұмыстарға капитанның қалауы бойынша кемеде уақытша болатын адамдар да тартылуы мүмкін. 16. Қызметтік функцияларды атқару кезіндегі өзара қарым-қатынас ресми болуға тиіс. 17. Қызмет бойынша өкімдерді бұйрықтар түрінде береді. Бұйрық нақты және қысқа болуға тиіс. Бұйрықты беруші оның дұрыс түсінілгеніне көз жеткізеді. Бұйрықты алушы оны орындасымен, сол сияқты оны орындау мүмкіндігі болмаған кезде бұйрық беруші адамға хабарлайды. 18. Командалық құрамның басқа тұлғасынан орындалуы біріншіні орындауға кедергі келтіретін жаңа бұйрық алған жағдайда, орындаушы бұл туралы екінші бұйрықты берген адамға мәлімдейді және одан әрі оның нұсқауы бойынша әрекет жасайды. 19. Лауазымдарды (мамандықтарды) қоса атқару әдісі бойынша жұмыс істейтін экипаж мүшелері осы лауазымдар (мамандықтар) үшін осы Жарғыда белгіленген міндеттерді орындайды. 3. Кемелердегі қызметті ұйымдастыру негіздері 20. Кеме капитаны мынадай негізгі кестелерді бекітеді: 1) меңгерулер жөніндегі кесте; 2) вахталар мен кеме жұмыстарының кестесі; 3) кемедегі күн тәртібі; 4) жиыстыру жөніндегі кесте; 5) дабылдар бойынша кесте. Кеме иесі штат кестесін бекітеді. 21. Кеменің түріне және мақсатына байланысты қосымша басқа да кестелер жасалуы мүмкін. 22. Барлық кестелерді (штат кестесін қоспағанда) капитанның бірінші көмекшісі (штурманның бірінші көмекшісі), ал штатта ол болмаған кезде - капитан механикпен бірлесіп, кемені пайдалануға тапсырғанға дейін жасайды. 23. Тәулік бойы жұмыс істейтін, өзі жүретін кемелерде командалық құрамның адамдарына вахтаны атқару уақыты осы Жарғыға 1-қосымшаға сәйкес ішкі кеме қатынасы жолдарында оны пайдалану кезінде өзі жүретін кеме (жүйректен басқа) командалық құраммен белгіленеді. Командалық және қатардағы құрамның қалған мүшелері үшін вахтаны атқару және кеме жұмыстарын орындау уақытын капитан белгілейді. 24. Лауазымдарды (мамандықтарды) қоса атқарған кезде командалық құрам вахтаны кеме жүргізу мамандығының адамдары үшін белгіленген сағаттарда атқарады. 25. Кемеде капитанның (механиктің) және ауысым капитаныньщ (ауысым механигінің) бір мезгілде болуы кезінде соңғысы вахтаны өзі ауыстыратын адам үшін белгіленген сағаттарда атқарады. 26. Терт ауысымды кесте бойынша жұмыстың экипаждық әдісі кезінде вахталарды атқару жолаушылар кемелерінен басқа барлық кемелерде ұйымдастырылуы мүмкін. Бұл жағдайда үшінші штурман вахтаны капитанмен бірге сағат 00:00-ден сағат 03:00-ге дейін, ал механиктің үшінші көмекшісі механикпен бірге сағат 21:00-ден сағат 24:00-ге дейін атқарады. 27. Осы Жарғыға 1-қосымшаға сәйкес үш ауысымды кесте бойынша вахталар атқару: 1) үшінші штурманның және механиктің үшінші кемекшісінің лауазымдары штатта көзделмеген жүк және тіркеп сүйреу кемелеріндегі экипаждық жұмыс әдісі кезінде; 2) жолаушылар кемелерінде. Бұл ретте үшінші штурман және механиктің үшінші көмекшісі вахтаны капитанмен және механикпен бірлесіп атқарады; 3) кемеде үш бригада болғанда бригадалық жұмыс әдісі кезінде ұйымдастырылады. 28. Осы Жарғыға 1-қосымшаға сәйкес екі ауысымды кесте бойынша вахтаны атқару әрбір бригаданың кемеде 15 тәуліктен аспайтын уақыт болуы бригадалық жұмыс әдісі кезінде ұйымдастырылады. 29. Бортында капитан (капитанның ауысым көмекшісі) басшылық ететін бір бригада бар экипаждардың ішкі кеме қатынасы жолдарындағы және теңіз суларындағы бригадалық әдіс бойынша жұмысы кемелерде 12 сағаттан аспайтын ауысым ұзақтығы жағдайында ұйымдастырылады. 30. Бригадалардың ауысым тәртібін кеме иесі белгілейді. 31. Бір тәуліктен аз жұмыс істейтін кемелерді (шапшаңдарын қоса алғанда) жұмыстан кейін түнгі тұрақ пунктінің жауапты кезекшісіне күзетуге тапсыруға болады. Тұрақ тәртібін кеме иесі белгілейді. 32. Ішкі кеме қатынасы жолдарында, теңіздегі және жағалаудағы жүзуде пайдаланылатын шапшаң кемелер экипаждарының жұмысы бригадалық әдіс бойынша ұйымдастырылады. Егер кеменің бортында бір бригаданың болуы кезеңінде жол уақыты 8 сағаттан аспаса, шапшаң кеменің бортында капитан (капитанның ауысым көмекшісі) басшылық ететін бір бригада бола алады. Бұл жағдайда қозғалыс кестесімен әрбір 2 сағат сайын аялдамалар көзделеді, демалыс және тамақтану үшін арналған аялдамалардың бірінің ұзақтығы кемінде 30 минут болып белгіленеді, бұл ретте көрсетілген аялдамаға дейінгі және одан кейінгі жол уақыты әдетте 4 сағаттан аспауға тиіс. 33. Егер жүзу шарттары бойынша кеме бортында бір бригаданың болуымен пайдаланыла алмаса, сондай-ақ жол уақыты 8 сағаттан асып кетсе және бригадалардың ауысымын жүргізу мүмкін болмаса, бортта екі бригада болады, олардың біріне капитан (капитанның ауысым көмекшісі) басшылық етеді. 34. Басқару бекетінде экипаж мүшелері кезекшіліктерінің ауысымы бірдей, бірақ 4 сағаттан аспайтын уақыт аралықтары арқылы жүргізіледі. 35. Жол уақытын аралық пункттердегі ұзақ емес аялдауларды (30 минутқа дейін) ескере отырып анықтайды. 36. Өзі жүретін және өзі жүрмейтін жер снарядтарында лоне түбін тазартқыш снарядтарда командалық құрамның адамдарына вахталар атқару және жұмыстарды орындау уақытын кеме иесі, ал қатардағы құрамға - командир белгілейді. 37. Шаландалардың, шаландалаушылардың, зәкір ауыстырып қоюшылардың, брандвахталардың, баржалардың және жер керуенінің құрамына кіретін басқа да кемелердің командалық құрамы өндірістік-технологиялық қызмет мәселелері бойынша командирге (командирдің ауысым көмекшісіне) бағынады. 38. Экипаж мүшелерін жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату (кеменің тіркелген жері бойынша кадр бөлімінде кейіннен ресімдеу арқылы), демалыс беру, кемені пайдалану кезеңінде марапаттау, жазалау капитанның ұсынысы бойынша кеме иесінің бұйрықтарымен ресімделеді. 39. Капитан нақты жағдайларға немесе кеменің ерекшеліктеріне және штат кестесіне байланысты экипаждың жекелеген мүшелері арасында міндеттерді ішінара қайта бөлуді жүргізеді. 40. Үш ауысымды кесте бойынша (1-қосымшаға сәйкес) вахталар атқару: 1) жүк, тіркеп сүйреу және жолаушы кемелерінде, сондай-ақ техникалық флоттың кемелерінде экипаждық жұмыс әдісі кезінде; 2) кемеде үш бригада болғанда бригадалық жұмыс әдісі кезінде ұйымдастырылады. 4. Командалық құрам 1-параграф. Жалпы ережелер 41. Кеменің командалық құрамына бағыныштыларға басшылық ету және кемені басқару мен оны пайдалануға жеке өзінің қатысуы жүктеледі. 42. Командалық құрам тиіс: 1) бағыныштылардың еңбегін дұрыс ұйымдастыруға, еңбек өнімділігін өсіру үшін, сондай-ақ экипаж мүшелерінің кемеде өндірістік міндеттерді шешуге қатысуын қамтамасыз ететін жағдай жасауға; 2) өзінің еңбегімен және тәртібімен экипаждың барлық мүшелері үшін үлгі қызметін атқаруға, кемеде тәртіпті сақтауға; 3) өзінің бағыныштыларының жеке бастарының және іскерлік сапаларын жан-жақты білуге және зерттеуге, оларға өздерінің кәсіби білімдері мен тәжірибелерін беріп отыруға; 4) бағыныштыларына қамқорлық жасауға және күн сайын оларды ерлік, адалдық, еңбек сүйгіштік, саналы тәртіп, бастамашылдық, техниканы меңгеруге ұмтылушылық, флотқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуге; 5) кемеге экипаждың жаңа мүшелерін тағайындаған кезде бағынышты адамдарды олардың жұмыс және дабылдар жөніндегі функцияларымен, кеме кестелерімен, еңбек қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі және санитария ережелерімен және нұсқаулықтарымен таныстыруға; 6) бағыныштылардың кеме кестелері бойынша міндеттерін білуге; 7) бағыныштылардан Қазақстан Республикасының заңдарын, осы Жарғыны, өздерінің функцияларын, қолданыстағы ережелерді, оларға қатысты бөлігінде тәлімдерді, нұсқауларды және өкімдерді дәл орындауды талап етуге және олардың орындалуын бақылауға; 8) өзінің бағыныштыларын алдағы рейстің міндеттері мен ерекшеліктері туралы хабардар етуге; 9) экипаж мүшелерімен техникалық оқу өткізуге; 10) кеме техникасына жоспарлы техникалық қызмет көрсетулер жүргізудің күнтізбелік кестелерін жасауға және бекітуге ұсынуға және олардың орындалуын қамтамасыз етуге; 11) алдыңғы қатарлы экипаждардың жұмыс тәжірибесін зерттеуге, қорытуға оны өз кемесінде енгізуге. 43. Командалық құрам адамдарының ауысымы кезінде тапсырушы қабылдаушыға акт бойынша құжаттаманы, іс қағаздарын, есептілікті, меңгерушілікті және өзінде есептелетін материалдық құндылықтарды табыстайды. Актіні капитан бекітеді. 2-параграф. Капитан 44. Капитан кеме экипажының басшысы, кеме иесінің кеменің сақталуы, ондағы адамдардың өмірі және тасымалданатын жүк үшін жауап беретін сенімді адамы болып табылады. 45. Кемені басқаруды дара басшылық негізінде жүзеге асырады және тікелей кеме иесіне бағынады. Кеме қызметіне қатысты барлық нұсқаулар олардың орындалуы үшін жауап беретін капитанға беріледі. 46. Кеменің бортында жоғары лауазымды тұлғалардың болуы капитаннан өзінің міндеттерін орындау үшін оған жүктелген жауапкершілікті алып тастамайды. 47. Капитанның өкімдері оның өкілеттіктері шегінде кемедегі барлық адамдардың сөзсіз орындауына жатады. 48. Капитан экипаж мүшелерін іріктеуге және орналастыруға қатысады, кемеде кадрларды бекітуге шаралар қабылдайды. 49. Кемедегі адамдардың әлдебірі капитанның өкімдерін орындамаған жағдайда ол бәрі адамдарға қатысты өзіне берілген құқықтар шегінде қажетті шаралар қабылдайды. 50. Капитан қажетті жағдайларда экипаждың кез келген мүшесін қызметтік функцияларын орындаудан шеттетеді, оны кеменің есебінен шығарады және кадрлармен жұмыс жөніндегі бөлімге жібереді. 51. Капитан: 1) кемеде Қазақстан Республикасының заңдары мен басқа да нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық конвенциялар мен келісімдердің сақталуын; 2) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралардың орындалуын; 3) өндірістік қызметті, кемені және кеме техникасын техникалық пайдалануды, кеменің, адамдардың, жүктердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қағидалардың, нұсқаулықтардың, бұйрықтардың, нұсқаулардың және басқа да нормативтік құжаттардың сақталуын; 4) қызметтік және коммерциялық құпияны сақтау жөнінде қажетті шаралар қабылдауды; 5) тәрбиелік жұмыстың және экипаждың моральдық жай-күйінің жоғары деңгейін; 6) кеменің өндірістік жоспарының, қозғалыс кестесінің және берілген жұмыс көрсеткіштерінің орындалуын; 7) жүзу қауіпсіздігін қадағалау органдарының және басқа да бақылау органдарының нұсқаулары мен талаптарының орындалуын; кеменің байқаулар мен куәландыруларға уақытында ұсынылуын; 8) еңбек тәртібінің сақталуын және жалпы кемелік және вахталық қызметтерді ұйымдастыруды; 9) экипаж мүшелерін бұйрықтармен, өкімдермен, нұсқаулықтармен, сондай-ақ рейске берілген тапсырмалармен және алдағы рейстің ерекшеліктерімен уақытында таныстыруды; 10) экипаждың техникалық оқуын, командалық және қатардағы құрам адамдарының біліктілігін арттыруды ұйымдастыруды және бақылауды; 11) экипажды кеменің өміршеңдігі үшін күреске, суда құтқару жөніндегі іс-қимылдарға даярлауды, сондай-ақ осы даярлықты бақылауды ұйымдастыруды; 12) еңбек заңнамасына және осы Жарғыға сәйкес экипаждың еңбек және демалыс режимін; 13) кемеде жұмыстың озық тәжірибесін енгізуді және оны жетілдіруді; 14) кеме экипажын ұжымдық тамақтандыруды ұйымдастыруды; 15) курсанттардың, студенттер мен оқушылардың практикасына жалпы басшылықты және кеме жүргізу мамандықтары адамдарын сынақ мерзімінен өткізуге тікелей басшылықты; 16) кеме кестелерін тексеруді және бекітуді; 17) командалық құрамның қызметіне басшылықты; 18) вахтаның (бірыңғай кезекшілік, кемелік), машиналық және басқа да белгіленген журналдарды, сондай-ақ кеме байқауларының бірыңғай кітабын, іс қағаздарын, есептемелік және басқа да құжаттаманы уақытында және дұрыс жүргізуді; 19) ауыз су қабылдауды, шаруашылық-тұрмыстық және фекалдық суағарларын, құрғақ қоқыс, тамақ қалдықтары бар контейнерлерді және құрамында мұнай бар қоспа суларды тапсыруды тіркейтін кеме журналдарын уақытында және дұрыс жүргізуді; 20) техникалық әдебиетті, жүзу қауіпсіздігі, еңбек қауіпсіздігі, техникалық пайдалану жөніндегі нормативтік құжаттарды, лоцман карталарын (схемаларын), навигациялық құралдарды және түзетулерді (өзгертулерді) уақытында алуды; 21) кеме құжаттарының, мер мен мөртабандардың сақталуын; 22) кемеде жазатайым оқиға болған кезде зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсету жөнінде шаралар қабылдауды, болып өткен жазатайым оқиға туралы кеме иесіне хабарлайды және белгіленген тәртіппен тексеру жүргізеді; 23) кеменің, адамдардың немесе жүктің қауіпсіздігіне қауіп төндіретін жағдайлар туындаған кезде бұл туралы кеме иесіне хабарлайды және алынған нұсқаулар мен ұсынымдарға, жағдайларға сәйкес іс-әрекет жасайды; 24) кеменің авариялық жағдайында, жүк, багаж бүлінген немесе зақымданған жағдайда, сондай-ақ ұқсас жағдайларда болған оқиға туралы тиісті органдарға хабарлайды, бір мезгілде оқиғаның салдарлары мен себептерін жоюға шаралар қабылдайды және белгіленген тәртіппен қажетті құжаттардың ресімделуін; 25) экипаждың кеменің өміршеңдігі үшін күрес және суда адамдарды құтқару жөніндегі іс-әрекетіне басшылықты; 26) басқа кемемен соқтығысқан, басқа кемеге, құрамға, салға соққы болған жағдайда егер бұл өз кемесіне, экипажына және жолаушыларына елеулі қауіп төндірмесе, көмек талап ету-етілмеуін сұрайды, қажет болған кезде оны көрсетеді, одан кейін онымен соқтығысу болып өткен кеме капитанынан кеменің атауы, тіркелу, шыққан және баратын пункттері, алынған зақымданулардың сипаты туралы сұрайды, ал бұдан кейін өз кемесі бойынша осындай мәліметтерді онымен соқтығысу болып өткен кеме капитанына хабарлауды және қажетті құжаттарды ресімдеуді қамтамасыз етеді. 52. Капитан механикпен бірлесіп, зауыт нұсқаулықтарының, басшылықтарының және басқа да нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес олардың жай-күйін және ұсталуын бақылау мақсатында кемеге, кеме техникасына және оның жабдықталуына тексеру жүргізеді. 53. Кеме және ондағы адамдар үшін қауіптілік жағдайында не басқа кемеге немесе адамдарға көмек көрсету үшін капитан бұл ретте берілген бұйрықты көрсете отырып, кеме журналында жазба жасап, кеменің басты қозғалтқыштарының немесе басқа тетіктерінің белгіленген нормалардан асып түсетін жұмыс режимін белгілей алады. 54. Кемеде адамның туу немесе қайтыс болуының әрбір жағдайы туралы капитан екі куәнің қатысуымен сәйкес еркін нысанда акт жасайды. Кемеде адам қаза болған жағдай капитан дереу кеме иесіне хабарлайды және оның нұсқаулары бойынша әрекет жасайды. 55. Капитан қылмыс жасауда күдікті адамды немесе оның іс-әрекетінде қылмыстық жазаланатын әрекет белгілері жоқ, бірақ кеменің немесе ондағы адамдардың немесе мүліктің қауіпсіздігіне қауіп төндіретін адамды ерекше үй жайға оқшаулайды және алғашқы мүмкіншілік кезінде оны тиісті билік орындарына табыстайды. 56. Бүкіл экипаждың немесе оның елеулі бөлігінің қатысуын талап ететін жұмыстарды орындау қажеттігі кезінде капитан кеме иесі бекіткен оның тізбесіне сәйкес қауырт жұмыстарды жариялауға құқылы. 57. Ауырған жағдайда капитан онда капитан дипломының болу-болмауына қарамастан кемені басқаруды капитанның аға көмекшісіне табыстайды, ол туралы кеме иесіне дереу хабарлайды. Кеме журналына басқаруды табыстау күні мен уақыты, кеменің орналасқан жері және оның жай-күйі, басқа да қажетті мәліметтер жазылады. 58. Капитан диспетчерлік байланыс құралдарын пайдаланады. 59. Капитан кеменің тіркелу портында кеме иесінің бұйрықтарымен ресімделетін, кеме экипажының мүшелерін марапаттау және тәртіптік жазалау шараларын қолдану туралы кеме иесіне ұсыныстар енгізеді. 60. Пайдаланудағы кемені қабылдау кезінде, капитан: 1) экипажбен танысады; 2) кеме құжаттарын, мөрді, мөртабандарды, ақша сомаларын және ақша құжаттарын қабылдайды; 3) кемені тапсырушы капитаннан кеменің құрылымдық ерекшеліктері, оның пайдалану және теңізде жүзу сапалары, жүк операцияларының барысы және кеменің алдағы рейске дайындығы (жөндеу барысы), болған авариялық жағдайлар және олардың салдарлары туралы қажетті деректер алады; 4) кеменің өндірістік жоспарымен және оның орындалу барысымен танысады; 5) кемені тапсырушы капитанмен бірлесіп, капитанның бірінші көмекшісінің (ауысым капитанының) және механиктің еріп жүруімен кемені қарайды, қажетті түсіндірмелер мен мәліметтер алады; 6) экипаждың кеме дабылдары бойынша іс-қимылдарын жетілдіруді тексереді; 7) қажет болған кезде кеме иесінен кеменің корпусына, қозғаушыларына, меңгерікті басқару органына және басқа да борт сыртындағы құрылғыларына тексеру жүргізуді талап етеді. Кемені тапсыру және қабылдау нәтижелері бойынша сәйкес актіні еркін нысанда жасайды, оның бірінші данасы кеме иесіне жіберіледі. 61. Тапсыру-қабылдау және тағайындалған капитанның функцияларын атқарудың басталу уақыты тапсырушы және қабылдаушы капитандардың қолдарымен Заңның 23-бабының 1-тармағына сәйкес кеме журналында тіркеледі. Жаңадан тағайындалған капитан функцияларын атқарудың басталуы туралы кеме бойынша бұйрықпен жариялайды. 62. Кемені тапсыруды және қабылдауды тығыз мерзімдерде жүргізгенде екі капитан да кемені, ақша сомаларын, мөрлерді, мөртабандарды және құжаттарды тапсыру-қабылдау туралы акт жасайды және оған қол қояды. Актіде тапсыру кезінде қабылданбаған объектілер көрсетіледі. Кемені басқаруды тапсыру-қабылдау күні мен уақыты кемені тапсырған және оны қабылдаған капитандардың қолдарымен Заңның 23-бабының 1-тармағына сәйкес кеме журналында тіркеледі, одан кейін жаңадан тағайындалған капитан кемемен танысады. 63. Кемені жасаушы зауыттан, сондай-ақ тұрақтан, жөндеуден пайдалануға қабылдаған кездегі капитанның іс-әрекеттері кеме иесінің тиісті құжаттарымен белгіленеді. 64. Портқа келісімен капитан кемені және қажетті құжаттаманы порт әкімшілігіне және бақылаушы органдарға көрсету үшін дайындайды. 65. Кеме портта тұрған кезде капитан кеменің қауіпсіз тұрағын қамтамасыз ету бойынша, жүк операцияларын және кемені жабдықтау мен жөндеу жөніндегі жұмыстарды орындауға шаралар қабылдайды, сондай-ақ экипаждың жергілікті (порттық) ережелерді орындауын қамтамасыз етеді. 66. Кеме портта тұрған кезде капитан портта немесе оған жапсарлас аймақта болған апат жағдайында порт әкімшілігінің талап етуі бойынша өрт сөндіру немесе көмек көрсету үшін экипаж бен кеме құралдарын (кеме қауіпсіздігі үшін залалсыз) береді. 67. Жүкті кемеге қабылдау алдында капитан тиеу схемасын белгілейді немесе алғашқы жүк жоспарын (теңізге шығатын кемелер үшін) қарайды және белгіленген тиеу нұсқасы жүзу қауіпсіздігін, кеменің тиісті теңізде жүзу сапасын және жүктің сақталуын қамтамасыз өтетіндігіне көз жеткізе отырып, оны бекітеді. Егер тасымалдау Заңның 9-бабының 1-тармағының 26-18) тармақшасына сәйкес бекітілген ішкі су көлігінде жүктерді тасымалдау ережесіне қайшы келсе немесе кеменің не адамдардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін болса, капитан жекелеген жүктерді қабылдауға жол бермейді. 68. Жүк операцияларын орындау барысында капитан белгіленген тиеу схемасын (жүк жоспарын) негізге ала отырып және жүктерді ауыстырып тиеу жұмыстарының ережелеріне, тепе-теңдікті сақтау туралы ақпаратқа, жүктерді тасымалдау ережелеріне және басқа да ережелерге сәйкестендіре отырып, жүктерді трюмдерге және палубаларға салудың және бекітудің дұрыстығын, балластың және отынның орналастырылуын, сондай-ақ палубаларға түсетін жүктеме рұқсат етілетін нормалардан аспауын бақылауды қамтамасыз етеді. Егер оларды жүргізу технологиясы бұзылатын болса немесе жоғарыда аталған құжаттардың талаптарынан ауытқуға жол берілетін болса, капитан жүк операцияларын тоқтатады. 69. Капитан жағаға көтерде бірінші көмекшісіне немесе вахта бастығына қажетті жұмыстарды орындау және кеме қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шаралар қабылдау туралы ауызша немесе жазбаша өкім қалдырады және өзінің болатын жерін хабарлайды. 70. Капитан кеменің рейске шығуына дейін: 1) рейстік тапсырма алған кезде командалық құраммен алдағы рейстің ерекшеліктерін талқылайды; 2) навигациялық карталар және құралдар бойынша командалық құрамды жүзу ауданымен таныстырады; 3) командалық құраммен болуы мүмкін қиындықтарды қарастырады; 4) командалық құрамға түрлі жүзу жағдайлары кезіндегі сол немесе өзге іс-қимылдардың қажеттігін түсіндіреді; 5) командалық құрамға рейстің негізгі міндеттері мен ерекшеліктерін экипаждың қалған мүшелеріне жеткізу туралы нұсқаулар береді; 6) кемені жүзуге дайындау барысына басшылық жасайды; 7) егер вахтаға кірісердің алдында қызметтік функцияларын орындаумен айналысса немесе кеме бойынша жұмыс орындаса, вахтадағыларға демалыс береді; 8) теңіз аудандарына шығатын кемелерде алдын ала кеме жолын салуды орындайды (егер оны капитанның нұсқауы бойынша оның көмекшілерінің бірі орындаса, алдын ала салынған жолды тексереді). 71. Кеменің жүріп кетуі алдында капитан ауа райы болжамдарымен танысады және белгіленген уақытта бірінші көмекшісінен, механиктен және кеме радиостанциясының бастығынан (радиооператордан) кеменің рейске дайындығы туралы, бортында экипаж мүшелерінің болуы және кемеде бөгде адамдардың жоқ екендігі туралы баянаттар қабылдайды. 72. Экипаж мүшелерінен немесе экипаж штатына кірмейтін, бірақ кемеде келе жатқан адамдардан әлдекім (лауазымды тұлғалар, жолаушылар) жүріп кету үшін белгіленген уақытқа келмей қалған жағдайда, капитан бұл туралы порт әкімшілігіне немесе кеме иесіне, ал шетелде - келмей қалған адамдардың тегін, атын және әкесінің атын (болған жағдайда), лауазымын және кемеден кеткен уақытын көрсете отырып, Қазақстан Республикасының консулына хабарлайды. Бір мезгілде капитан бұл адамдарды кемеге қайтаруға барлық мүмкін шараларды қабылдайды. 73. Капитан мына жағдайларда: 1) егер кеме құжаттарының жүзуге жарамдылығының қолданылу мерзімі рейс аяқталуының белгіленген күнінен бұрын аяқталса және оның рейсте ұзартылуы мүмкін болмаса; 2) егер кемені жабдықтау, оның жай-күйі, жүктемесі тиісті құжаттардың талаптарын қанағаттандырмайтын және жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмайтын болса; 3) егер кемеде еңбек қауіпсіздігінің талаптары қамтамасыз етілмесе рейске шықпайды. Көрсетілген барлық жағдайлар туралы капитан порт әкімшілігіне, кеме иесіне және тиісті қадағалау органдарына уақтылы хабарлайды. 74. Жүзу кезінде капитан: 1) жүзу шарты мен барлық жағдайлардың өзгеруін бақылау және оны уақытында сақтандыру шараларын қолдану, навигациялық, гидрометеорологиялық және басқа да анықталған ақпарат түрін қабылдауды әрдайым бақылауда ұстау; 2) ішкі кеме жүзу қозғалысы кезінде кеме жүргізу жағдайының аса күрделі немесе қаупіне байланысты күзет бастығының шақыруы бойынша дереу мінбеге шығу және жағдай талап еткенше жедел түрде сол жерде болу; 3) жүзу ауданының арнаулы лоциясын зерттеу және осыны штурмандардан талап ету; 4) кабельдің зәкірмен көтерілу жағдайында көлік бақылау инспекциясының жақын орналасқан бөлімшесіне және кеме иесіне көтерілу уақыты мен орнын көрсету және берілген тапсырмаларға сәйкес әрекет етеді. 75. Міндетті лоцмандық өткізу ауданында жүзген кезде капитан лоцманды алуға тиіс. Лоцмандық өткізу мін­дет­ті болып табылмайтын аудандарды еткен кезде, егер қажет деп тапса, капитан лоцманды алуына болады. Кеме­де лоц­манның болуы капитаннан лоцмандық өткізу уақытында кемені басқару жөніндегі функцияларды алып тастамайды. 76. Кемені лоцмандық өткізу кезінде капитан: 1) кездесуді, лоцманды бортқа қауіпсіз қабылдауды және оны кеменің бортынан қауіпсіз түсіруді қамтамасыз етеді, лоцманға үй-жай және тағам ұсынады; 2) лоцманға кемені өткізу үшін қажетті деректерді хабарлайды, кемені басқару ерекшеліктерімен таныстырады; 3) мінбеден кетерде лоцманға капитан мінбеде болмайтын кезде кемені басқаруға жауапты тұлғаны көрсетеді; 4) кемені өткізу уақытында жүзу қауіпсіздігін қадағалайды. Лоцманның ұсынымдарының дұрыстығына күдіктенген жағдайда капитан оның көрсететін қызметтерінен бас тартатындығы туралы хабарлайды, бұл ретте міндетті емес лоцмандық өткізу ауданында онсыз жүзе алады, ал міндетті лоцмаидық өткізу ауданында басқа лоцманды шақырады. 77. Капитан өз кемесі, экипажы және жолаушылары үшін қауіптілік тудырмай, кез келген кемеге және суда табылған, өлім қаупі төнген адамға көмек көрсетеді. Апатқа ұшырағандарға көмекке барлық. 78. Егер капитанның пікірі бойынша оның кемесіне болмай қалмайтын опат болу қаупі төнсе, ол кемедегі адамдарды құтқару үшін барлық шараларды қабылдайды. Жолаушыларды құтқару шараларын қабылдағаннан кейін капитан экипажға кемені тастап шығуға бұйрық береді. 79. Адамдарды құтқару кезінде капитан бірінші кезекте балаларды, ауруларды, әйелдерді және қарттарды құтқаруды қамтамасыз етеді. Капитан кеме, машина журналдарын, лоцман карталарын (схемаларын), құжаттар мен құндылықтарды құтқаруға барлық мүмкін шараларды қабылдай отырып, кемені соңғы болып тастап шығады. 80. Рейс аяқталған соң, капитан кеме иесі белгілеген тәртіппен кеме иесінің алдында есеп береді. 81. Кемені жөндеуге қоюдың алдында капитан жөндеу жұмыстарының көлемін нақтылайды және нормативтік құжаттарда көзделген, жөндеуді дайындау және жүргізу жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді. 82. Жағалау қызметтерінің техникалық қызмет көрсету, навигациялық кезеңдегі жөндеу және кемені жауапты сақтауға қабылдамай жөндеу кезеңінде, капитан жөндеу жұмыстарының барысын тұрақты бақылауды және кеменің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. 83. Кемені слипке көтерген (докқа қойған) және оны слиптен түсірген (доктан шығарған) кезде капитан экипаждың жұмысына өзі басшылық жасайды. Слипте (докта) тұрған кезде капитан слиптің (доктың) әкімшілігіне барынша жәрдем көрсетеді, сондай-ақ кемелердің слипте (докта) тұру ережесін сақтайды. 84. Кемені слипке (докқа) қондырғаннан кейін капитан механикпен және басқа да мамандармен бірлесіп корпусты, түпкі-борттық арматураны, қозғаушы-меңгеріктік кешенді сырттай байқау жүргізеді және олардың жай- күйі туралы акт жасайды. Кемені слиптен түсіру (доктан шығару) алдында осындай байқауды қайтадан жүргізеді. 85. Орындалған жұмыстарды қабылдау және жөндеуді аяқтау сәйкес актілермен еркін нысанда ресімделеді. 86. Ауысым капитаны капитан жоқ кезде капитанның мәртебесін пайдаланады және оның міндеттерін орындайды. 87. Кемеде капитан және ауысым капитаны бір мезгілде болған кезде соңғысы өзі алмастыратын тұлғаның функцияларын орындайды және оның өкілеттіктерін пайдаланады. 3-параграф. Капитанның аға көмекшісі (бірінші штурман) 88. Капитанның аға көмекшісі (бірінші штурман) (бұдан әрі - капитанның аға көмекшісі): 1) капитанға тікелей бағынады және оның бірінші орынбасары болып табылады; 2) әкімшілік жағынан бүкіл экипажға басшылық етеді; 3) кеме рейсте болған кезде капитан өз функцияларын орындауы мүмкін болмаған жағдайда, капитанның аға көмекшісі кеме иесі белгілейтін пунктке дейін көшу кезеңіне (10 күнтізбелік күннен артық емес) кеме басқаруды қабылдайды. 89. Капитанның аға көмекшісінің экипаждың осы Жарғыда көзделген жалпы функцияларын орындауға қатысты өкімдерін (жалпы кеме қызметін ұйымдастыру, уақыт кестесі, кемеде тәртіп сақтау, сондай-ақ қауырт жұмыстар, кеме дабылдары, кемені тиісті санитарлық жағдайда ұстау, киім нысанын және оның ұқыптылығын сақтау, капитанның бұйрықтары мен нұсқауларын орындау жөнінде) кеме экипажының барлық мүшелері орындайды. 90. Капитанның аға көмекшісінің қарауында мыналар болады: 1) корпус, палубалар, қондырмалар, рангоут, такелаж, люктік жаппалар, су танкілері және қылталары, өлшеу және ауа құбырлары; адамдар тұратын, тұрмыстық және палубалық қызметтік бөлмелер, траптар; 2) жүк, зәкірлік, шынжыр арқанды, тіркеп сүйрейтін, құтқарушы құрылғылар; 3) өртке қарсы су магистральі, тұрмыстық техника: 4) палубалық бөліктің авариялық, құтқару, өртке қарсы, шкиперлік және шаруашылық-тұрмыстық жабдықтау (құрал-сайман және материалдар). 91. Капитанның аға көмекшісі: 1) техникалық пайдалану ережелеріне, жасап шығарушы зауыттардың нұсқаулықтарына, ішкі су көлігі саласындағы уәкілетті орган және кеме иесі басып шығаратын басқа да нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес өзінің меңгеруіндегілерді техникалық пайдалануды және ұстауды; 2) өзіне бағынышты экипаж мүшелерінің еңбек тәртібін сақтауын; 3) палубалық бөлігі бойынша кеме жұмыстарын жоспарлауды, ұйымдастыруды және жүргізуді; 4) кемеде кемінде айына бір рет үлкен жиыстыру өткізуді; 5) өзінің меңгеруіндегілері бойынша тіркелімдік және басқа да техникалық құжаттаманы сақтауды; палубалық бөлік бойынша жөндеу ведомостарын уақытында жасауды; 6) тамақ өнімдерін, ауыз суды уақытында алуды, дұрыс сақтауды, жұмсауды және есепке алуды; экипаждың тамақтану мәзірін бекітуді; 7) адамдар тұратын және қызметтік бөлмелерде суағарлардағы және пайолдар астындағы су деңгейін бақылауды; 8) өзінің меңгеруіндегілер бойынша іс қағаздарын және есептілік жүргізуді; 9) палубалық жұмыстармен айналысатын экипаж мүшелерінің еңбек қауіпсіздігі жөнінде нұсқама өткізуді; 10) экипаж мүшелерінің еңбек қауіпсіздігі және палубалық бөліктің өрт қауіпсіздігі ережелерін, сондай-ақ санитарлық ережелерді сақтауын бақылауды; 11) адамдарды кемеге отырғызу және оларды кемеден түсіру қауіпсіздігін; 12) экипажды кеменің өміршеңдігі үшін күреске, өртке қарсы қорғанысқа, адамдарды құтқаруға уақытында және жан-жақты дайындауды; 13) құтқарушы құралдардың шұғыл пайдалануға тұрақты даярлығын, оларға ұдайы еркін қол жетімділікті, тиісті жабдықтармен толықтырылуын; 14) оның меңгеруіндегі палубаларда және бөлмелерде, сондай-ақ палубалық бөлігі бойынша жұмыстарды орындаған кезде өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауды; 15) камбузда, адамдар тұратын және қызмет бөлмелерінде тәртіпті; 16) экипаж мүшелерін және кемеде уақытша болатын адамдарды тұрғын бөлмелер бойынша орналастыруды; 17) экипаж мүшелерінің белгіленген мерзімдерде медициналық байқаулар мен егулерді өтуін; қажет болған жағдайларда алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсетуді; кеменің дәрі қорабын тиісінше ұстауды, сондай-ақ кеменің дератизациядан және дезинсекциядан етуін; 18) құрғақ қоқыс пен тамақ қалдықтарын тапсыруды; 19) барлық кеме бө