АЛМАТЫ. 17 наурыз. Қалалық ішкі істер департаменті белгілі «Вконтакте» әлеуметтік желісінде із-түссіз жоғалғандар мен ізін жасырған қауіпті қылмыскерлерді іздестіретін арнайы ғаламтор парақшасын ашты. Қазір онда бүгінге дейін іздеуде жүрген 14 адамның аты-жөні мен суреті жарияланды. Бұл туралы Алматы қаласы ішкі істер департаментінің баспасөз орталығына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми сайтында мұндай «Іздестіру» («Розыск») аңдатпасы бұған дейін де болған әрі ол криминалды полиция комитетінің күшімен әркез жаңаланып тұрады. Парақшада із-түссіз жоғалған азаматтың немесе іздеудегі қылмыскердің суреті мен оның қай кезде, қай жерде, қалай жоғалғаны немесе ізін жасырғаны туралы нақты деректер тізбесі жасалынады. Осыған орай қала азаматтары болған оқиғаларға байланысты бізге дер кезінде желі арқылы тез арада хабар беріп тұрады деген үміттеміз.», – дейді қалалық ішкі істер департаментінің ресми өкілі, полиция майоры Салтанат Әзірбек.
Талғат Сүйінбай.
Дерек, сурет: Алматы қаласы ішкі істер департаментінің баспасөз орталығы.
• 17 Наурыз, 2016
«Вконтакте» желісінде қылмыскерлерді іздейтін арнайы парақша ашылды

Банк шотыңыз бұғатталса не істеу керек?
Қоғам • Бүгін, 11:44
Қазақстанда екінші АЭС Балқаш маңында салынуы мүмкін
Энергетика • Бүгін, 11:40
Мирас • Бүгін, 11:35
Алматы облысы маңында жеке үйде газ жарылып, 4 адам зардап шекті
Оқиға • Бүгін, 11:14
Ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге дейін өсе ме? Министр жауап берді
Оқиға • Бүгін, 11:12
Ақордада Моңғолия Президентін қарсы алу рәсімі өтіп жатыр
Президент • Бүгін, 11:01
Қазақстанда әр пойызға ерекше қажеттілігі бар жандарға арналған вагон қосылады
Қоғам • Бүгін, 10:58
48 команданың бәйгесі: Жаңа формат сенсацияларға жол аша ма?
Футбол • Бүгін, 10:43
Петропавлда мемлекетке 2 млрд теңге залал келтірген лауазымды тұлға қамауға алынды
Аймақтар • Бүгін, 10:25
Мүгедектігі бар жандарды жұмысқа орналастыру квотасы екі есе артады
Қоғам • Бүгін, 10:15
Зеленский: Трамп факторы Украинаға толық қауіпсіздік кепілі бола алмайды
Әлем • Бүгін, 10:03
Алматыда Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр
Оқиға • Бүгін, 09:56
Қазақстанда жаңбыр жауып, күн күркірейді: 21 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:39
АҚШ-та мектеп маңында атыс болды: Екі адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 09:28